Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесінің құрылысы, сөз тіркесінің байланысу түрлері жайлы алған білімдерін тереңдету, матасу туралы білімдерін нығайту
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сөздердің байланысу тәсілдерін ажырата білуге машықтандыру
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, эссе, кітап-дәптермен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырамысын сұрау
Үйге 250-жаттығудың 2-азат жолы бойынша матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып, жазып келуге берілген болатын.
Үй тапсырамсын тексеремін.
Қосымша сұрақтар:
Матасу дегеніміз не?
Матасудың өзіндік ерекшеліктері неде?
Жасырын тұрған қосымша арқылы жасалған матаму түріне мысал келтіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |