ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
127-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Ауызша тіл дамыту
Өздеріңнің достарың туралы не айтар едіңдер?
Ауыспалы осы шағы бар сөйлемдерді көшіріп жазып, талдау
Қашан көрсең де, жұбын жазбайды.
128-жаттығу Теріп жазу
Н.о.ш А.о.ш
әкет-іп жатыр елесте-й-ді
иіліп тұр ойна-й-ды
мәпелеп күт-е-ді
130-жаттығу
А.о.шақты тауып, нақ осы шаққа айналдыру
Ағады – ағып жатыр
Шығады
Ысқырып ойнайды
Қудалайды
Сайрайды
Қосылады
Жырлайды
Қосады
Өзіндік жұмыс Тапсырма бойынша әңгіме құрау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
129-жаттығу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Алтын сандық
Білімділік: Оқушылардың есімдіктер түрленуі, етістіктің осы шағы туралы алған білімдерін, жазу сауаттылықтарын тексеру
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, ана тілін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушының есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі: Диктант
Сабақтың әдіс тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Алтын сандық
Сенің ана тілің - шексіз бай, тегеуріні мықты тіл, қымбатты балам!
Ең жақсы бала – ана тілін құрметтеген ұл мен қыз. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіңе басты себепкер - сол ана тілің!
Ана тілдің бүге-шігесіне, терең иірімдеріне бойлай білу – саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, Отаныңды, атамекеніңді сүйе білу деген сөз. Кім ана тілін айрықша бағаламады дейсің, ал қазақ халқы бұған ерекше зер салған ғой. «Ойнап айтсаң да, ойлап айт, күліп айтсаң да, біліп айт, әзіл айтсаң да, әділ айт», «Бұл сөзді сатып алдым құнан нарға», «Ақылың болса, сөз тыңда» деп отырды ғой аталарың.
Ана тілдің байлығын пайдалана алмаған адам – пақыр, күлкіге ұшырайтын жан.
(118 сөз)
Тапсырма:
А. Морфологиялық талдау жасау:
Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді.
Ана тілдің бүге-шігесіне, терең иірімдеріне бойлай білу – саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы.
Б. Етістіктерін тауып, шағын ажырату
Достарыңызбен бөлісу: |