ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
Шартты рай дегеніміз не?
Шартты райдың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Мысалдар арқылы өз ойларыңды дәлелдеңдер.
ІҮ. Жаңа сабақ
Етістіктің райларының ішінде мағынасы және жасалуы жағынан ерекше түрі – қалау рай.
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді.
Менің көп жұмысты атқарғым келеді.
Сен Әйгерімнің есебін шығаруға көмектесіп жібергейсің.
Ербол өзіне берілген тапсырманы уақытында орындаса игі еді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма
Берілген етістіктерді қалау райлы етістіктің жасалу жолының барлық түріне қойып айту
Ойнама
Берме
Көр
Жасыр
Тарсылдатпа
Тік
Бақыла
174-жаттығу
1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау
2. Шартты райлы етістіктердің астын сызып, білдіретін мағынасын ажырату
175-жаттығу Өзіндік жұмыс
Берілген сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрау
177-жаттығу
Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау.
Шығармашылық жұмыс.
«Менің арманым» деген тақырыпқа қалау райлы етістіктерді қатыстыра отырып, шағын эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: |