Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілін білесің бе?»



Дата19.04.2018
өлшемі28,07 Kb.
#40224
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілін білесің бе?»


Сабақтың мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.

Сабақтың түрі: Викторина


Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, көрнекіліктер
Сабақтың көрнекіліктері: кеспелер, суреттер, слайдтар, шар, плакат
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Білім сайысының парызы
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
- Құрметті оқушылар сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде «Тіл апталығы» өтіп жатыр
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі - дамыған тіл.
- Балалар, сендер байқайсыңдар ма бүгін бізге қонақ келіп отыр
Қонақпен амандасайық!
- Сәлеметсіз бе! (Балалар амандасады)
Ал енді сіздердің алдарыңызға «Қазақ тілін білесің бе?» викторинасының қатысушыларын шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!

Сайыс 6 аялдамадан тұрады:


I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
II аялдама - « Кім жылдам?»
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»
IV аялдама - «Қызықты ұйқастар»

V аялдама – Жаңылтпаш айту.

VI аялдама «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
Ендеше бірінші аялдамамызға көшейік

I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырады.
Бұл аялдамаға 5 мин уақыт беріледі. Бұл аялдамада тобын жақсы таныстырып шыққан топқа 2 жұлдызша таратылады.
II аялдама - « Кім жылдам?»
Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
М Ө С Л Й Е - СӨЙЛЕМ
У Ғ А Л Ж А - ЖАЛҒАУ
З С Ө - СӨЗ
Л Т І - ТІЛ
Қ А Б А С – САБАҚ

АТОН - ОТАН

ЗМРӘІ- РӘМІЗ

ОДС- ДОС
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»


Бұл аялдамада әр сыналады. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы жұлдызшамен бағаланады.
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:
1. Мектеп қай көшеде орналасқан?
2. Кыс айларын ата?
3. Неше рәміз бар?
4. Туда не орналасқан?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Көктемде не болады?
7. Қандай азық - түліктерді білесің?
8. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?

Екінші топқа қойылатын сұрақтар:


1. Апта күндерін ата?
2. Жазда не болады?
3. Әнұранның авторларын ата?
4. Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
5. Біздің мектеп қандай?
6. Қазақстанда қандай мерекелер бар?
7. Қазақ тілінде неше жалғау бар және оны ата
8. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
9. Қыс айларын ата?
10. Елтаңбада не орналасқан?

IV аялдама - «Қызықты ұйқастар» аялдамасы, әр оқушы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
1. Жизнь-өмір,уголь-көмір. 2. Число-сан,кровь-қан 3. Колыбель-бесік, дверь-есік. 4. Шаг-қадам, человек-адам. 5. Таможня-кеден,пол-еден. 6. Дело-іс,зуб-тіс. 7. Возьми-ал, мед-бал. 8. Народ-халық, рыба-балық 9. Жди-күт, молоко-сүт 10. Город-қала, ребенок-бала.
V аялдама - Жаңылтпаш айту.

Мұғалім оқушылармен жаңылтпаштар айтады.


1. Пай-пай-пай,
Жайылып жүр тай.
Ай-ай-ай,
Ұшып кетті торғай.
2. Ескекті ескекші еседі,
Ескекші ескекті еседі.
3. Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
4. Ян-ян-ян
Жүгіріп жүр қоян.
Ян-ян-ян
Бұл қоян емес, шаян!

VI аялдама «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» Қатысушыларға белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер ұсынылады. Олар осы өлеңді дұрыстап, мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады. (Дайындыққа 2 мин).
I топ - Тапқырлар
II топ - Ойшылар
- Ал, балалар бүгінгі «Қазақ тілін білесің бе?» викторинамыз аяғына жақындап келеді. Сайысымыз өте қызықты болды. Қазақ тілін жақсы біледі екенсіңдер.
Ойынды бекіту: Әділқазылар алқасы сендердің берген жауаптарыңды бағалап, жеңімпазды анықтады.
Қорытынды: Балалар біздің викторинамыз соңына жетті.
Жеңген топты әділқазы мүшесі марапаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет