Сөздік құрамның тарихи арналары
1) араб тілі
Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен төрт халықтың тілінен енген
4) орыс тілі
2) парсы тілі
3)монғол тілі
Сөздік құрамның тарихи арналары Араб-парсы тілдерінен енген сөздер Араб – парсы сөздері тілімізге негізінен үш сала бойынша енген: - 1. Ғылым мен мәдениетке, әлеуметтік өмірге байланысты: тарих, әдебиет, мәдениет, хакім, тәрбие, тәржіме, емтихан, емле, ғылым, пән, сәлем, сапар, қазына, әдет, әлем, қабілет, қанағат, мағлұмат, т.б.
- 2. Үй тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты: бәс, жиһаз, парақ, қаражат, кіре, шерік, ауқат, қасап, несие, шарап, бағбан, халва, дәм, дүкен, дарбаза, т.б.
- 3. Дінге байланысты: құран, имам, мешіт, мүфти, құдірет, құрбан, ораза, дұға, азан, қазірет, қиямет, шариғат, айт, тамық, құтба, зікір, зекет, бейіш, намаз т.б.
- Бұдан басқа адам аттарына байланысты сөздер енген: Ғали, Сағадат, Фатима, Уасила, Уали, ысқақ, Жақып, Айман, Нағима, Назым, Мәлік, Мұзафар, Махмут, Мұхтар, Мұрат, Нәсима, Әміре, Хамит, Серәлі, Раушан, Сәбит, Шәрбан, Әлішер, Рүстем т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |