Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры Сөздік құрамдағы сөздер тілдегі өмір сүру тарихына, тұрақтылығына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Сөздік қор тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |