Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым



бет29/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ
Ашық тәрбие сағаты, Ата-ана 9 Б
Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым (1-тоқсан.1-бөлім.)
14-сабақ

Дағды

Оқылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.2.1.берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру.
4.3.1.1.мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/ белгі қойып оқу.
4.3.2.1.оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу.
4.3.4.1.мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және жауап беру.
4.5.1.4.септік/жіктік формаларындағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.5.1.2.көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Тілдік міндеттер

өмір сүру, қыдыруға шығу, дәмді, салқын

Алдыңғы білім

Сүйікті қаламыз

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. Мұғалім интерактивті тақтадан оқушыларға отбасы мүшелерінің суреттерін көрсетеді, сурет бойынша отбасы мүшелері туралы бұрынғы қалыптасқан білімдерін пайдаланып, отбасы мүшелерін атайды. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Неліктен мен сендерге осы отбасы мүшелерінің суретін көрсетіп отырмын, қалай ойлайсыңдар? деп, оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын болжатады. Оқушылар тақырыпты болжаған соң мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіреді. Бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен таныстырады.
«Жаттық» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушылардың айтылым дағдысы дамиды, отбасы туралы түсініктері кеңейеді, сөздік қорлары молаяды. Мұғалім оқушыларға үлгі береді. Оқушылар үлгіні пайдаланып, өз мысалдарын айтады. Әр топқа әртүрлі үлгілер таратып беруге болады. Әр топтар өз үлгілері бойынша сөйлейді.
Үлгі: Менің қарымдасым. Менің қарындасымның ролигі.
Менің әкем. Менің әкемнің мейрамханасы.
Менің атам. Менің атамның досы.

2 мин

Мұғ-Сынып

Отбасы мүшелерінің суреттері
Айтылым тапсырмасына арналған суретті сөйлемдер үлгісі

Негізгі бөлім

«Көрсет және айт» оқушылар осы тапсырманы орындауда сурет бойынша көрсете отырып, отбасының қайда қыдырып жүргендігі туралы айтады. Көру арқылы сөйлеу оқушының есте сақтауын және логикалық ойлауын дамытуға көмектеседі. Бұл тапсырма оқылатын мәтіннің құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін орындалады.

5 мин

Жеке

суреттер



«Оқы» айдарындағы тапсырма оқушының зейін қойып оқу дағдысын дамытады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар бір-бірін тыңдап, мәтіннің мазмұнын түсінеді. «Олжастың отбасы» мәтінін «Айқайлап оқу» әдісі бойынша оқиды. Бірінші бір топ, содан кейін келесі топтар оқиды. Бір топ мәтінді айқайлап оқып жатқанда келесі топтар мұқият тыңдап отырулары керек.Осы арқылы оқушылар ерікті зейінді қалыптастырады әрі өмірге бейімделеді.

5 мин

Мұғалім - сынып

оқулық

«Оқы және жауап бер» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Мәтін соңы жұмыс ретінде оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру үшін «Сұрақты қағып ал» әдісін пайдаланады. Мұғалім оқушыларға сұрақты лақтырады. Сұрақты кімге лақтырса, сол сұрақты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді.
1.Олжастың отбасында қанша адам бар?
2.Бүгін таңертең Олжастың отбасы қайда барды?
3.Олжастың анасы мен әжесі қайда?
4.Олжастың атасының қасында кімдер бар?
5.Олжастың әкесі қай жерде отыр?
6.Олжастың кіші інісі қайда?
7.Олжастың қарындасында не бар?
8.Олжастың отбасы қайда барып тамақ ішті?
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар жазылған умаждалған қағаздар




«Кестені толтыр» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді тағы бір рет оқып шығып кестені толтырады.

Қайда?

Кімде? Неде?

Кімнің?

Ненің?











Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар септік жалғауларын қайталайды, қолданыстық тұрғыдан түсіне алады.




Жеке жұмыс

оқулық




«Ойнайық» айдарындағы тапсырмада оқушы өз отбасының суретін салады және оны досына таныстырады. Оқушы өз отбасының суретін салып досына таныстыру арқылы өз отбасы туралы айтады. Бұл тапсырма оқушының қисынды ойлауын, қиялын, сөйлеу дағдысын жетілдіруге бағытталған және оқушының қызығушылығын тудырады.







А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар,маркерлер

Қор. бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында мұғалім оқушыларға рөлдік ойын ұсынуына болады. Оқушылар 3 сұрақ 3 жауаптан тұратын жұптық жұмыс жасайды. Оқушылар бір-бірінне сұрақ қойып жауап беру арқылы өз отбасы және жұбының отбасы туралы сұхбаттасады.Бұл оқушының ойлауын, сөйлеуін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет