Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым



бет35/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы

Қайталау (1-тоқсан.1-бөлім.)
16-сабақ

Дағды

Айтылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.5.1.1.мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.5.1.2.көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.2.3.1. белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәлметті (4-5 сөйлем баяндау), кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.
4.2.1.1.берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.

Тілдік міндеттер




Алдыңғы білім

Шекарашы

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Тапсырма бөлім бойынша өткен білімді қайталауға, жинақтауға арналған. ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. Мұғалім оқушыларға үйдің, театрдың, ойын алаңының, қонақүйдің, мейрамхананың, сауда үйінің, жолдың суреттерін көрсетеді, сурет бойынша бұрынғы қалыптасқан білімдерін пайдаланып, айналаны, ненің жанында не орналасқаны жөнінде айтады. Оқушылар әңгімелеу барысында көмекші есімдерді дұрыс қолдана білуі қажет екенін мұғалім ескертіп айтады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Неліктен мен сендерге осы отбасы мүшелерінің суретін көрсетіп отырмын, қалай ойлайсыңдар? деп, оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын болжатады. Оқушылар тақырыпты болжаған соң мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіреді. Бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен таныстырады.
«Кімде? Неде? Қайда?» айдарындағы тапсырманы орындауда суреттерді көрсете отырып айту дағдысы дамиды, сұрақтарға жауап беру дағдысы дамиды, түсініктері кеңейеді, сөздік қорлары молаяды. Мұғалім оқушыларға үлгі береді. Оқушылар үлгіні пайдаланып, өз мысалдарын айтады. Әр топқа әртүрлі үлгілер таратып беруге болады. Әр топтар өз үлгілері бойынша сөйлейді.
Үлгі: Менің қарымдасым. Менің қарындасымның ролигі.
Менің әкем. Менің әкемнің мейрамханасы.
Менің атам. Менің атамның досы.

2 мин

Мұғ-Сынып

Жаңа сөздерді түсіндіруге қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Кімнің?, Ненің? сұрағына жауап беретін сөздерге қосымша жалғай білемін» тапсырмасын орындауда оқушыларға бірнеше сөйлем беріледі. Сөйлемнің ішіндегі бірнеше сөздерге жалғаудың орнына көп нүкте беріледі. Оқушылар сұраққа қарай көп нүктенің орнына қажетті жалғауларды жалғайды. Тапсырма жазбаша орындалады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ілік септігі жалғаулары туралы түсініктері кеңейіп, білімдері бекиді.

5 мин

Жеке


«Тұрмыстық заттардың және бөлмелердің атауын білемін» айдарындағы тапсырманы орындау оқушылардың бөлмелер атауын еске түсіруге бағытталған. Оқушылар өз үйінің сызбасын сызу арқылы өз үйіндегі бөлмелер туралы айта алады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Өз үйлері туралы айту арқылы оқушылардың бөлмелер атаулары түсінігі кеңиді, сөздік қоры молаяды. Осы тапсырманы орындауда оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

5 мин

Мұғалім - сынып









«Мен заттың басқаға немесе өзіме меншікті екенін түсіне аламын» тапсырмасын орындауда оқушыларға кесте беріледі, оқушылар кестені толтыру арқылы тәуелдік жалғауларын қолданыстық тұрғыда үйренгендерін еске түсіреді. Оқушылар берілген сөздерді көпше түрде тәуелдейді. «Сөйлемдерді толықтыр» тапсырмасын орындауда оқушылар көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою арқылы тәуелдік жалғауды қайталайды.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




«Өзім, үйім, отбасым, елім туралы мәлімет бере аламын » тапсырмасын орындауда оқушылар осы тақырыптар аясындағы сұрақтарға жауап бере алады. Тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға, өткен тақырыптарды еске түсіруге бағытталған. Осы тапсырманы орындау үшін мұғалім «Мина» әдісін қолданады. Оқушылар сыныптың ортасында шеңбер бойымен тұрады. Әртүрлі сұрақтар жазылған қағаздар умаждалып еденде шашылып жатады. Мұғалім бір оқушының көзін байлайды. Көзі байланған оқушы ары-бері жүрген кезде қай қағазға аяғы тисе, сол қағазды алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын тудырады. Оқушылар белсенділік танытып, бұл ойынды құлшыныспен орындайды. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арықылы бағалайды.
Қазақстан қандай ел?
Қазақстанның қалалары қандай аймақтарда орналасқан?
Қандай көрікті жерлерді білесің?
Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?
Қазақстанның туында не бейнеленген?
Қазақстанның Елтаңбасында не бейнеленген?
Қазақ халқы барысты не себепті құрметтейді?
Шекарашы деген кім? Ол қандай қызмет атқарады?




Оқушы-оқушы

«Мина» әдісіне қажетті сұрақтар жазылған парақтар, орамал




«Сөздерге мәндес сөздерді тауып айта аламын» айдарындағы тапсырмада оқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздерге мәндес сөздер тауып айтуы керек.




Жеке жұмыс

оқулық

Қор. бөлім

«Заттың немесе адамның қаншалықты алыс немесе жақын тұрғанын түсіндіре аламын» тапсырмасын орындауда оқушылар әртүрлі алыс/жақынды меңзейтін заттар мен адамдардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар суретке назар аудару арқылы олардың алыс немесе жақын тұрғанын сілтеу есімдіктерін қолдану арқылы айта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет