Қазақ халқының қалыптасу үрдісін этностың өмірлік циклі негізде көрсету. Топтар өздерінің жұмыс нәтижелерін басқа топтардың жұмыстарымен салыстырады, айырмашылықтарын талдайды.
Этностың негізгі белгілері қандай?
Этностың негізгі белгілері қандай?
Талқылау сұрақтары:
Халықтың қалыптасуына қанша уақыт керек?
Қазақ халқының қалыптасу үдерісі қандай кезеңдерге бөлінеді?
Бұл кезеңде қандай тайпалар/ мемлекеттер өмір сүрді?
Бұл тайпалар/ мемлекеттер қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?
Топтық жұмыс.
1-топ Арғытүріктер дәуірі. Халық болып қалыптасудың ежелгі тарихи кезеңі. Б.з.б.II мыңжылдықтан б.з. VI ғасырына дейінгі кезең.
2-топ Түркілік кезең. Қазақ халқы қалыптасуының орта ғасырлардағы тарихи кезеңі. VI ғасырдың орта шенінен IX ғасырдың ортасына дейін.
3-топ Арғы қазақтар кезеңі. IX ғасырдың орта шенінен XIII ғасырдың басына дейін.
4-топ Алаш қауымдастығы кезеңі. XIII ғасырдың ортасынан XV ғасырдың соңына дейін.
5-топ Қазақ халқының қалыптасуы. XV ғасырдың ортасынан бастап.