Сабақ жоспары
Пән оқытушысы: Н.Т.Бегалиева
Пән аты: Қазақстан тарихы
Өтілетін күні:
Оқу тобы:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы К. Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыс.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: XIX ғасырдың басындағы Қазақстанда қалыптасқан жағдайлар, Кенесары көтерілісі, оның себептері мен барысы, қатысушысы күштер туралы түсіндіру.
б) Дамытушылық: Кенесары қозғалысы туралы материалдарды игеру барысында оқушыларға әр түрлі тапсырмалар орындату және қосымша деректермен таныстыра отырып оқушыардың ой – өрісін дамыту.
в) Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихына деген қызығушылыққа елін, жерін сүюге, білімділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиетеу.
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың техналогиясы: ДОТ
Сабақтың әдіс-тәсілі: ой талқы, топпен жұмыс, қатемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілік: оқулық, карта, кесте, қосымша әдебиеттер.
Пәнаралық байлапныс: тарих, география, әлеуметтану.
Пайдаланатын оқулық: 1. М. Б. Мухаметов, Б. Сарымбетұлы «Қазақстан тарихы»
Алматы 2007ж.
2. Мусин Чапай « Қазақстан тарихы» Алматы 2008ж.
Сабақтың құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
4. Жаңа сабақты бекіту.
5. Кері байланыс.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі :
- Оқушылармен амандасып, журналға белгі соғу.
- Сынып тазалығына мән беру(тексеру).
- Оқушылар назарын сабаққа аудару.
II .Үй тапсырмасын тексеру.
1. Бөкей ордасы туралы жазылған шығармаларды оқып, салыстырмалы талдау жасау.
2. Махамбет өлеңдерін жатқа айту, түсінік айту.
3. Жәңгір хан патшаның саясатын жақтау және даттау. Пікірсайыс топ екіге бөлінеді.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыбы: Қазақстандағы К. Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыс.
Жоспары: 1. Ақмола бекінісінің алынуы.
2. 1841ж Ташкент әскерлерінің шабуылдары.
4. 1844ж Кенесарының қарсы шабуылы.
5. Майтөбе түбіндегі шайқас.
І. Ақмола бекінісінің алынуы. Ақмолаға аға сұлтан Қ. Құдаймендин және әскери старшина карбышев басқарған қамал гарнизоны қорғады. Кенесары шабуылы 1938ж 7 тамызда басталды. Оның садақшылары оқтың уына майланған шүберекті жағып атқылағаннан кейін, қамалда өрт басталды.Басығара батыр оққа ұшып, оның отряды шегіне бастағанда кенесары жаңа шабуылға шақырды. Кенесарының шақыруынан қанаттанған Ағыбай, иман, Наурызбай баырлардың отрядтары қамалға қайтадан басып кірді. Қантөгіс, көне айқасы басталып, ол табан тірескен түрде кеш батқанша созылды. Өмірінде әскери старшина Карбышев пен Қоңырқұлжа кішдымен қақтығысып қалды.ігірім қамалдан қашып шықты. Келесі таңда үйінділерге айналған қамал әлі де өрт құшағында жатты. Кенесары әскери олжалар мен тұтқындарды қолға түсірді.
ІІ. 1841 ж Ташкентке жорық. Қыркүйектің басында Кенесары 4 мың адамдық әскерімен Ташкентке бет алды. Бірақ, әскерінде жұқпалы аурудың шығуы жолын біршама бөгеді. Алайда оның әскерінің екінші бөлігі, Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қалаларын қорғауға алды. Әсіресе Созақ қамалы үшін қиян – кикі соғыс болды. Көргендер былай деп әңгімелейді: «Кенесары әскері Созақты 18 күн бойы қоршауға алды, қамал қабырғаларына шығу үшін ағаш сатылар жасалдыү Кенесары Созақты және тағы басқада бекіністерді талқандап, айналасындағы Қоқанға бағынышты қазақтарды өзіне қосып, оларды Толғайға қарай көшуге мәжбүр етті.» Созақтың, бірнеше қамалдары мен бекіністердің алынуы халық алдында Кенесары беделін көтеріп тастады. Әріі өзі үшін де ірі жеңіс болды. Қоқан хандығы Кенесарыға мәңгілік адап құруды ұсынды. Бірақ, Кенесары бұдан бас тартып, қазақтарға тиісті жерлерді қайтарып беруді талап етті.
ІІІ. 1843ж. Ресей әскерлерінің шабуылдары. 1843ж 10 шілде генерал Обручев қырға әскери старшина Лебедев басшылығымен 300 адамдық жолақ шығарды. Лебедев Кенесарымен ырғыз өзенінде кездесебі. Бірақ, бұл жолы соғыс ашылмады.
1843ж тамызда полковник Бизановтың жалпы басшылығымен, сұлтан а. Жантөрин және Б. Айшуақов 5мың адамдық отрядпен Сахарный қамалынан «бүлікшіл сұлтан Кенесарыны» жою үшін жорыққа шықты. Полковник Бизанов отряды Өлкеаяқ өзенінің төменгі ағысымен сол маңда қоныстанған Кенесары ауылына қарай жылжыды. Осы жерде Наурызбайдың кішігірім отрядымен қақтығысып қалды. Науызбай шегіне шайқаса отырып, қырға жылыстап кетті. Жалпы Бизановтың жорығы сәтсіз аяқталды. Қалған патша отрядтары да Кенесарымен шайқаса алмады. Кенесары батырлары бетпе – бет айқаса кетпей, қаша ұрысып, дұшпанның күшін әлсіретті. Қалжыраған әскерлер күзгі жаңбырлы суық басталысымен, әскери қимылдарын тоқтатты, қырдан кетуге мәжбүр болды.
ІV. 1844жылғы Кенесарының қарсы шабуылы. Кенесары патша әскерінің полковнигі Дуниковскиге қарсы тосқауыл ретінде жеңіл жолақ шығаруды ұйғарды. Бұл жасақтың бар міндеті – жау әскерін соңына түсіріп, бетпе – бет ұрысқа жеткізбей, тиіп – қашып, әбден қалжырату болды, Ал, Кенесары бұл уақытта шешуші соққы беруге дайындады. 1844ж 20 шілде де түнде тобылдың жоғарғы жағындағы Өлкеаяқ өзені маңында Кенесары А. Жантөриннің отрятын қоршауға алып, толық талқандады. Шайқаста белбілі 44 сұлтан қаза тапты. Дуниковтың отрятының негізгі күштері А. Жантөриннің лагеріне жақын орналасқан еді, түнгі айқастың дауыстары құлақтарына келіп жекеде, «өзімді қай тұстан Кенесары шабар екен» деп қорқып, орындарынан қозғалмады. 44 сұлтанның өлімі Орынбор жіне Батыс Сібір губернаторларының елін шығарып жіберді. Жалпы, 1844ж Кенесары жорықтары сәтті болды.
V.1847жылы Майтөбе түбіндегі шайқас. Кенесарының Қырғыздармен соңғы шайқасы Тоқмақ аулының Шығыс жағындағ Бішкек қаласына жақын Кекілік тауларында болды. Кенесары әскерлері Шу өзенінің бір шақырым жердегі Майтөбе деген жақындау жерде орналасқан.
Кенесары мен Наурызбай өздерінің жасағымен қоршауды бұзып өтуді ұйғарды. Қоршаудан шығуға тырысуы сәтсіз аяқталды, Наурызбай өзінің шағын тобыменшайқаста қаза тапты. Кенесары қырғыз манаптарының қолына түседі. Соңғы шайқаста Орман манаптың қолынан Кенесарының інісі Наурызбай, екі баласы және басқа да 15 сұлтан қаза тапқан. Сонымен бірге, көптеген қатардағы қазақтар қаза тауып, мыңға жуық адам қолға түсті. Қырғыз манаптары Орман мен Жантай өзендерінің ризалығының дәне достығының белгісі ретінде өлтірген қазақтардың бастарын Қоқан ханына сыйлыққа жіберді.
Хан – әскер және мемлекет басшысы
Хандық Кеңес – Кеңесші орган
Мемлекеттік аппарат
Сот істері, қылмыстық, даулы, шиеленісті мәселелер
Әскери іс; әскери жағдайын, соғыс істерін
Қаржы ісі салық, қаражат, сауда мәселесін
Елшілік көрші елдермен келісім жүргізу.
Жергілікті атқару билігі
Жасауылдар, төлеңгіттер ханның жарлықтарының іске асырылуын қадағалайды.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Ақмола бекінісін алу көтерілісшілерге қандай әсер етті деп ойлайсыңдар?
Қоқан ханының қай қамалы үшін күрес қатты жүрді?
1843ж немістен Ресей жерлерінің жорықтары сәтсіз болды?
Кенесарыны қолға түсірген қырғыз манаптары.
V. Кері байланыс.
1. Кенесары құрған Хандық Кеңес сол кездері қазақ қоғамына қажет пе, әлде қажетсіз ве еді немесе, тиімді әлде тиімсіз болды ма?
VI. Қортындылау.
Оқушыларға көтерілістің жеңілу себептерін, тарихи маңызын түсіндіру. Оқушыларға сұрақтар беру. Олардың жауаптарын таңдау, сабақты қортындылау.
VII. Бағалау.
Сабақтағы тақырып материалын игеруге белсене араласқан, сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларға баға қою, оқушылардың барлығына алғыс айту.
VIII. Үйге тапсырма беру.
1. Өзіндік жұмыс: К. Қасымұлы бастаған көтерілістің мақсатына реферат жазу.
2. Жазбаша жұмыс: М.Б. Мұхамедов, Б. Сырымберұлы «Қазақстан тарихы» оқулығынан тақырыпты көнепектілеу. Мазмұнын айту.(122 бетте)
3. Іздену жұмысы: К. Қасымұлы туралы жазылған шығармаларды, жинақтап, материалдарды алып келу. Мәліметтерді сұрау.
Достарыңызбен бөлісу: |