Құрмет,ынтымақтастық.қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.
Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы , География, Әдебиет .
Алдыңғы білім
. ХХғ. 20-30жылдарындағы қазақ өнерінің дамуын біледі..
Сабақ кезеңі
Педагог әрекеті
Оқушы әрекеті
Бағалау
Ресурс
Басы
Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу,түгелдеу
Психологиялық ахуал қалыптастыру Топқа біріктіру: Өз есімі туралы тренинг. Оқушылар өздерінің есімдерінің бас әріпінен келетін сөз айту, сын есімнен болуы керек . Мысалы Ержан Ер , Айнүр Ажарлы т.с.с.Оқушылар өздерінің қандай екені көңіл-күйлері арқылы көтереді. .
Үй тапсырмасын сұрау: «Өрмекші торы» әдісі арқылы сүраймын
1. А.В. Затаевич қанша халық әндері мен күйлерін жазып алды 2. Қырғыз Қазақ халқының 1000 әнңі жинақталды қай жылы
3. Қазақ халқының 500 әні мен күйі жинақталды қай жылы 4. Парижде концертте ән шырқап , күміс медаль иеленген кім 5. Халық жыршылары бәйгесі қай қалада өтті .
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады
Тапсырма орындауға қажетті құралдары
Ортасы
Мен сізді білемін:Ұлы Отан соғысына қатысқан тұлғалар жайлы 1.Бауыржан Момышұлы
2.Нұркен Әбдіров
3.Әлия Молдағұлова
4.Мәншүк Маметова
5.Мәлік Ғабдуллин
6.Төлеген Тоқтаров, тағы басқа
Тарихи тұлғалар туралы мәлімет айту( портреттері көрсетіледі)
Мәлік Ғабдуллин – ротаның саяси жетекшісі, автоматшылар тобын басқарды, жау танкілерін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.Көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.
Төлеген Тоқтаров – Бордино селосында жау штабына басып кіріп, 5 офицердің көзін жойған, асқан батылдығы мен ерлігі үшін қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Бауыржан Момышұлы – Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы.
Нүркен Әбдіров - Қарағандының өкілі, 1942 жылғы 19 желтоқсанда Боковская- Пономаревка ауданында болған әуе айқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып, серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапты.
Рақымжан Қошқарбаев - өзінің досы Г.Булатовпен бірге Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып ал қызыл Жеңіс туын тікті. Кейіннен Халық Қаһарманы атағын алды.
Талғат Бигелдинов - 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарына шығып, әуе мен жерде оннан аса ұшақтарды, көптеген танкілерді, ұрыс техникасының басқа да түрлерін және жүздеген фашистерді жойған шабуылшы ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры.
Кеңестік Шығыс әйелдерінен шыққан бірінші болып Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақ қыздары – 100- ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметовамен 54- атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова.
Қасым Қайсенов-қаһармандық ерліктерімен тарихта қалған әйгілі партизан, кейін Халық Қаһарманы атағын алды.