Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық асханасы. Қазақ асханасының ерекшеліктері. Мерекелік ұлттық тағамдар



Дата26.08.2017
өлшемі36,84 Kb.
#28828
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық асханасы. Қазақ асханасының ерекшеліктері. Мерекелік ұлттық тағамдар

Сабақтың мақсаты:



  • Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру;

  • Халқымыздың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарын тәжірибеде қолдана білуге, тапсырмаларды орындау кезінде топтасып, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу;

  • Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық тағамдарының қасиетін ұғындыру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: «Ұлттық тағамдар», слайд

Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

-оқушыларды түгендеу;

-жұмыс орнын жабдықтау

ІІ. Үй тапсырмасы

1-тапсырма:

-Қауіпсіздік ережелерін ата?

-Санитарлық гигиеналық ережелері

-Тамақтану мәдениеті деген не?

2-тапсырма:

 

3-тапсырма:



Стафилоктар қуат алу, өмір сүру

 

Тамақ таза жүру, қолды жуу



 

Жеке бастың гигиенасы жылы жерде сақталған азық-түліктер

 

№1 сарамандық жұмыс “Еттен жасалған тағамдар”



№2 сарамандық жұмыс “Бірінші тағамдар дайындау”

 

ІІІ. Жаңа сабақ



Қазақ халқы барлық уақытта өзінің қонақжайлылығымен және ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Сондықтан болар халықта «Жер танимын десең атың болсын, ел танимын десең асың болсын» деген мақал бар. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған.

 

Ұлттық тағамдар



 

 

Ет тағамдары сүт тағамдары Ұн тағамдары



 

Қазақша ет Айран, Қатық Бауырсақ, Таба нан

(Бесбармақ, Бешбармақ) Шалап, Шұбат Май шелпек, Қаттама

Қазы, Қарта , Қымыз , Балқаймақ Талқан, Тары

Жал Жая Кілегей ,Қаймақ Жент (қоспа)

Сорпа , Борша  Құрт ,Сары май Майсөк (майтары)

Жөргем ,Шұжық Сүзбе, Уыз, Ірімшік Бидай

Сірне , Ми палау

Құйрық-бауыр

Қуырдақ


 

Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ)  асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Осылай асуға  дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да,  ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да,  1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді. Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.   

Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы  алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып,  қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2  сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.

Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса да болады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.

IV.Бекіту тапсырмалары


  1. Қазақша еттің құрамы

Қазақша ет: 1-2 бас жуа, картоп, қамыр, тұз, су, ет

 


  1. Ұлттық

 

Сусындар Тағамдар

 

Қымыз Қазы-қарта



Шұбат Қуырдақ

Айран Қазқша ет

Сүт

 


  1. Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып, астындағы әріптерден сөйлем құра.

 

Тәбетіңіз ашылсын!

 

V. Қорытынды



Бағалау

Үйге тапсырма:



Отбасындағы мерекелік ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын жазып әкелу

 

 
Каталог: uploads -> doc -> 0676
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0676 -> Сабақ Гимнастика сабағынын күнделік жоспары. 3 сынып Сабақ мақсаты: Бөренеде тепе-тендікті сақтау (қыздар); гимнастика қабырғасында өрмелеу әдісін үйрету
0676 -> Сабақ Тақырыбы: Етістіктің райлары Сабақтың мақсаты: Білімділік: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау; Дамытушылық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет