Қазақ әдебиеті 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қазыбек би»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға қазақтың аса айбынды
билерінің бірі- қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру; жан-жақты талдау жұмыстарын ұйымдастыру;
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өздігінен іздену, ойлау, есте сақтау, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттыра отырып, өз пікірі бар сауатты оқушы тұлғасын қалыптастыру;
3. Тәрбиелігі: Сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдап, бағалай білуге, Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Әдістер: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, іздену, жобалау, зерттеу
Көрнекіліктер: Қазыбек бидің портреті, үш биге байланысты бүктеме, Қазыбек бидің шешендік сөздері жинақталған кітап көрмесі
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі. / Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, сабаққа назарын аудару/
II. Үй тапсырмасын сұрау / 5 мин/
Төле биді халық арасында кім деп атаған? / Қарлығаш әулие/
Төле би алғашқы төрелігін қанша жасында айтқан? / 15 жаста/
«Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін...» деген сөздерін кімге арнаған? / Орманбет би/
III. Жаңа сабақ
Оқушылар, сендер қазақтың шешендік өнерінде ойып тұрып орын алатын атақты үш бидің бірі Ұлы жүздің биі Төле бимен, шешендік сөздерімен таныстыңдар.
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын үн таспаға құлақ түрейік.
/ Үнтаспадан қаз дауысты Қазыбек бидің Қоңтайшының алдында айтқан сөйлеген сөзі тыңдалады/
Балалар, бұл сөздер кімнің сөзі деп ойлайсыңдар?
Қалмақ ханы Қоңтайшының алдында қасқайып тұрып сөз сөйлеген атқосшы жас бала Қазыбектің жасы сол кезде небары 14-те ғана екен.
Ендеше, бүгінгі сабағымызда өз заманында халықаралық деңгейде келісімдер жүргізген, «ұраны-алаш, керегесі-ағаш» елдің атынан сөз айтқан ұлы бабамыз қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ тарихындағы орны мен әдебиеттегі шешендік сөздері туралы танысамыз.
Халқымыздың айтулы кемеңгер билерінің бірі- Қаз дауысты Қазыбек шешендігімен дараланып, көзге түскен тарихи тұлға. Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау , Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады. Қазыбектің шын мәніндегі шешендігі мен жер жарған даңқы кешегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» бүкіл қазақ даласына жайылады. Ол халқымыздың басына ауыр күн туып, не ел болу, не құрып кету қаупі төнген қиын сәтте суырылған шешендігімен, алғыр да білгір көсемдігімен ел намысын қорғап қалады.
Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізген сөздері шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің дәлелі. Қалмақ ханына: «Егер бітімге келмесең, тұрысатын жеріңді айт- дей келе,-атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен-қалмақ, біз-қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы келгенбіз. Сен –қабылан болсаң, мен-арыстан, алысқалы келгенбіз»,- деп ойын ашық білдіреді.
Мірдің оғындай екпінді сөздерімен Жоңғар ханның тіл-аузын аштырмай «айтқан сөзі- құрған қақпандай» болғанын анық байқаймыз. Биді халық «Қазып айтқан Қазыбек» деп қастерлеген.
I тапсырма «Би» деген атаққа әр қатар жан-жақты сипаттама беріп көрейік.
қоғам қайреткері сөзге шешен
БИ мәмілегер БИ ақынжанды
хан кеңесшісі кемеңгер
заңды жетік меңгерген от ауызды, орақ тілді
Би дегеніміз- халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.
Кім жақын?
Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
Қазыбек бидің бұл толғауын қандай толғауға жатқызамыз? / шешендік толғау/
Шешендік толғаулар мақал-мәтел, сұрақ-жауап, қанатты сөз түрінде айтылады.
Өлеңде фигураның бір түрі-эпифораны шешен баба шебер қолданған.
Эпифора- өлең тармақтарының соңында сөз немесе сөз тіркесінің қайталануы.
Сабақты бекіту: Тест жұмысы
Төле биге Қазыбек бидің қойған сауалындағы «алыс», «тәтті», «несие», деген сөздері не мағынаны білдіреді?
А) құлағының естуі, немере, дау-дамай мәселесі
В) көз, ұйқы, балалары
С) қадірі, кәрілік, беделі
2. «... Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме!» деген сөздерін Қазыбек кімге айтқан?
А) Хан Қоңтәжіге
В) Ағайындары Бертіс би мен Тілеуке биге
С) інісі Бөдене батырға
3. Қазыбек бидің балаларының ішінде әке жолын жалғастырып, атақты би болған қай баласы?
А) Бекболат
В) Қазымбет
С) Сырымбет
Қорытынды сөз . Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың секілді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің елшісі бола білген.
Үйге тапсырма: Қазыбек бидің Қоңтәжінің алдында сөйлеген сөзін жатқа айту
Бағалау: Оқушылардың дұрыс жауап берулеріне байланысты бағалау.
Қазақ әдебиеті 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Шалкиіз жырау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға Шалкиіз жырау өмірі, толғаулары жайлы түсінік беру;
2. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілетін ояту, ойлау белсенділігін дамыту, өз бетінше іздене білетін дара тұлғаны қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға деген оқушының шексіз сүйіспеншілігін, құрметі мен мақтаныш сезімдерін қалыптастыу,
3. Тәрбиелігі: Адамгершілікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Әдістер: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, іздену, топтық жұмыс
Көрнекіліктер: Инерактивті тақта, слайдтар, «Бес ғасыр жырлайды»
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі. / Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, сабаққа назарын аудару/ / 1 мин/
II. Өтілген тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау / 7 мин/
III. Білімді тексеру / 7 мин/
Қазтуған жыраудың өмірі
Қазтуғанның жырларын ата.
Қазтуған жырау жырларында қандай көркемдік ерекшеліктерді пайдаланған?
IV. Жаңа сабақтың мақсаты
Шалкиіз жыраудың өмірі
Жырау жырларының басты тақырыбы.
Қазтуған толғауларынан айырмашылығы
V. Жаңа сабақ / 15 мин/
Мен бүгінгі сабақты Шалкиіздің бір ауыз өлеңімен бастағым келіп отыр.
Туырлықсыз қара үйге,
Ту байламақ не керек!
Туғаны жоқ жалғызға,
Көп ішінде суырылып,
Жауға шаппақ не керек!- өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы терең ойлары сендерге үлгі-өнеге.
XV-XVIII ғасырлар әдебиетінің негізгі салмағын көтерген жыраулар болды. Олардың әдеби жанры толғау еді. Шалкиіз-қазақ жыраулық поэзиясының атасы-Шалкиіз 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахара феодалдарының бірі болса керек. Шешесі Мұса бидің қызы болған. Үш айлығында анасы қайтыс болып, нағашы әжесінің қолында тәрбиеленген болашақ жырау мұсылманша жақсы білім, сахара салтымен тамаша тәрбие алады.
Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орны ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырланыда өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған. Шалкиіз талай жорықтарға қатынасқан. Оның жырларынан ерлік ерлік сарыны айқын сезіледі.
Елін жауынан, дұшпанынан тек «жалаңаш барып, жауға тиер» ер ғана қорғай алады деген түйінін жасайды. «Батыр жігіт қол бастар» деп, ерлікті, батырлықты жырына ту еткен.
Жырау жырларында адамгершілік жайында толғаныстар мол. Ол адамды жақсылыққа сүйсіндіріп, жамандықтан бездірген. Ақын жақсы деген не, жаман деген не, ізгілік, парасаттылық неде, адамгершілік қасиет адамның қандай әрекет, қылық-мінезінен көрінеді, міне, осы тақырыпта жыр толғаған, ұрпағына өсиет қалдырған. Ақын жырындағы сол тақырыптарға байланысты жолдар парасаттылық ой тереңдігімен ерекшеленеді. Онда ақын жастарды адал достыққа, қалтқысыз жолдастыққа үндеген.
Ақын өз ойын жақсы мен жаманды, жарық пен күңгіртті салыстыра өрнектейді.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас- тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда.
Жімле ғаламға күлкі етер,- десе,енді бірде:
Ағайынның ішінде,
Бір жақсысы бар болса,
Қаңқалаған көп жаман,
Сол жақсыны көре алмас,-деп ойын әрі қарай тереңдете жалғастырады.
Шалкиіз жырының басты тақырыбының бірі- ел бірлігі, ынтымағы. Өйткенң «бірлік болмай, тірлік болмайды» деп халық даналығы айтқандай, жырау да ел бүтіндігі бірлікке байланысты екенін терең ұққан.
Ақын жамандықтың бір белгісі опасыздық деп біледі, опасызға сыр айтуға болмайды, дұшпаныңа ұстап береді, тұрақтылық жоқ, ел алдында ол жақсының «дәйім бетін қара етер, қор етер» деп түйеді.
Демек, ақын пиғылы жаман адамнан без, аулақ бол деген ғибрат айтады. Жырау ел билейтін басшының қауым, әлеумет өміріндегі орнын да дұрыс бағалай білген. Ал сол ел билейтін адам ұандай болу керек дегенге ел тағдыры, болашағы әділ басшыға байланысты деп даналық ой түйген. Өмір диалектикасын терең пайымдаған жырау «Қоғалы көлдер, құм сулар» толғауында дүние үнемі өзгерісте болатынын, өмірдің бір қалыпты тұрмайтындығын айтып, «мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған» деп, болашақ ұрпаққа өмірден аларыңды алып, береріңдң беріп қал деген ой айтады.
Топпен жұмыс
1-топ Мұқағали өлеңі
2-топ Шалкиіз толғаулары
Шалкиіз бен Мұқағали өлеңдерін оқыта отырып, бір –бірімен салыстыру / 7 мин/
Мұқағали өлеңдері мен Шалкиіз толғауларында үндестік бар?
VI. Сабақты бекіту /5 мин/ Сабағымызды ВЕНН диаграммасы арқылы бекітеміз.
Қазтуған жырау
Толғауларының басты тақырыбы елі, жері туған жерін жырға қосады.
Шалкиіз жырау
Ерлікті, адамгершілік, ел бірлігі, ынтымағы жайлы толғайды
ЖЫРАУ
VII. Бағалау / 2мин/ Оқушылардың дұрыс жауап берулеріне байланысты бағалаймын.
VIII. Үйге тапсырма /1 мин/
1-топ Ой-толғау жазу
2-топ Шалкиіз өмірін, шығармашылығын оқып келу
СТИКЕР-орнату үшін Бүгінгі сабақта нені үйрендіңдер? (өз есебі)
НЕ БІЛЕМІН? НЕ БІЛДІМ? НЕ БІЛГІМ КЕЛЕДІ?
Қазақ тілі 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік, емлесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: оқушылардың бұрынғы білімдерін тиянақтап тереңдету, жаңа білімді меңгерту, өздігінен талдауға, жинақтауға, ой қорытуға жаттықтыру;
2. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілетін ояту, ойлау белсенділігін, тіл мәдениетін дамыту;
3. Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдістер: эвристикалық, топтық
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. / Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, сабаққа назарын аудару/ Сыныпты топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
II. Бұрынғы білімдерін пысықтау / Өтілген материалдарды қайталау /
1-топ
Берілген сөйлемдерден көсемшелерді тауып, қызметін түсіндір.
Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.
Ол жымиып күлді.
2-топ
Берілген сөйлемдерден есімшелерді тауып, қызметін түсіндір.
Болатын бала бесігінде бұлқынар.
Сыпайы сырын сақтар.
III. Жаңа сабақты проблемалық мәселе қою жолымен түсіндіру.
Мысалдардан етістікті тап.
Білім алудың жолы-көп оқу.
Адам болып күн кешу қиын маған, арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.
Темекі шегу денсаулыққа зиян.
Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған.
Мына етістіктерге мысал келтіріп, қосымшасын ажырат.
айту, келу, бару, жүзу
Ой жинақта, талдаумен (салыстыру)
|
Іс-әрекет
|
Іс-әрекет атауы
|
I топ
|
жаз
|
Жаз+у
|
II топ
|
жарыс
|
жарыс+у
|
I топ
|
|
|
II топ
|
|
|
қара, ойна, оқыт, алма, ақ, жап, кеп етістіктерінен тұйық етістік жаса, қандай өзгерісті байқадың, емлесін айт.
Сонымен тұйық етістік дегеніміз не?
Семантикалық картаны толтыру
IV . Практикалық кезең
Тұйық етістікті тауып, түрленуін түсіндір.
Оқу түбі-тоқу. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға. Шындықты айту керек.
Шығармашылық жұмыс
Тұйық етістігі бар мақал-мәтел, қанатты сөздерді еске түсіріп, талдау жасату.
Кітаппен өзіндік жұмыс жүргізу. 260-жаттығуды орындату
IV. Бекіту.
Тест тапсырмалары арқылы жүзеге асыру, жинақтау.
Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда, соңғы дыбысы өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсет.
А) сана Ә) ұқ Б) айт
2. Шақпен, жақпен байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атауын білдіретін етістіктің түрін көрсет.
А) етіс Ә) есімше Б) тұйық етістік
3. Тұйық етістік қатысқан сөйлемді көрсет.
А) Оқу- өмірдің сәні, тіршіліктің шамы.
Ә) Дала жап-жарық.
Б) Торғай жерге жақындай ұшты.
4. Тұйық етістікті сөйлемді белгіле.
А) жау Ә) тау Б) отау
VI. Оқушылардың білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Көркем әдебиеттен тұйық етістігі бар он сөйлем теріп жазу, талдау жасау.
VIII. Сабақты қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |