Фонетикалық транскрипция дегеніміз бұл әр дыбысқа белгілі бір таңба сәйкес келетін дыбыстың графикалық белгіленуінің шартты жүйесі.
Сол сияқты фонетикалық транскрипцияның көмегімен дыбыстың ұзақтығын және екіпіннің орнын көрсетуге болады.
Жаттығу жұмысы:
1.Төмендегі әрбір сөзде қанша әріп, қанша дыбыс бар?
Астана, тәртіп, жазушы, алтыбақан, кітап, оныншы, нан, кесек, нәресте.
2.Төмендегі дыбыстардан антоним сөздер құра
А,л,ж,т,с,қ,н,б,ы,,і,е,к,и,ө,о,р,ү,з,м,д,г.
Үлгі: бар – жоқ.
3.Төмендегі сөздерге тиісті дыбыстарды қой да, сол сөздерге синоним сөздер жаз.
Үл...ілі, е...еу ,қай...р, пә...ер, қор...ақ, жо...ары, мейірі...сіз, м...йдан.
Ауызша шарты бойынша орындау.
Егер т-дан бастасаң –
Биіктердің биігі.
Егер д-дан бастасаң –
Қиындардың қиыны.
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы.
(... , ... , ..)
Егер б-дан бастасаң –
Түтіндей боп көшемін.
Егер н-дан бастасаң –
Жап-жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң –
Ішкен жанға кеселмін.
(.., .., .)
Г-ден баста, мен кілең
Ажарымын өмірдің.
К-ден баста, енді мен
Қалдығымын көмірдің.
К-ден егер бастасаң-
Шомыласың суына.
Ш-дан егер бастасаң-
Жазда аунайсың құмына.
( ..., ...)
Үйге тапсырма:
Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.
Қазақ тілі фонетикасы саласы бойынша зерттеу жұмыстарын алып барған лингвис ғалымдар туралы біліп, жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |