Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгендеу)
Жағымды психологиялық ахуалды тудыру.
«Ыстық лебіз»
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Бiздiң күлкiмiз көңiлдi (қолдарын ерiндерiнiң шетiне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты (қолдарын жүректерiнiң тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірді (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты (қолдарын екі жаққа созады)
Санау әдісімен топқа бөлу.
Оқушылар рет сандарын санау арқылы 2 топқа топтасады.
1-топ: «Азот»
2-топ: «Азот оксидтері»
Үй тапсырмасын тексеру:
«Сенесің бе, сенбейсің бе?» әдісі
(Оқушылар күкірт және күкірт қосылыстары тақырыптары бойынша берілген сұрақтарға тек «иә» немесе «жоқ» деген жауаптарын береді)
1) Сенесің бе сенбейсің бе, табиғатта бейметалдар саны металдарға қарағанда көп емес «иә»
2) сенесің бе сенбейсің бе VIA тобының элементтері халькогендер деп аталады «иә»
3) сенесің бе сенбейсің бе күкірті бар кен орындары Қазақстанда жоқ «жоқ»
4) сенесің бе сенбейсің бе күкірт суда жақсы еритін сары түсті кристалды зат «жоқ»
5) сенесің бе сенбейсің бе күкірт тек тотықтырғыш қасиет көрсетеді «жоқ»
6) сенесің бе сенбейсің бе күкірсутек улы зат, онымен тыныс алса адам тұншығады «иә»
7) сенесің бе сенбейсің бе табиғатта күкірсутек мұнай, жанартау газдары құрамында болады «иә»
8) сенесің бе сенбейсің бе күкірт 4 түрлі оксид түзеді «жоқ»
9) сенесің бе сенбейсің бе күкірт қышқылы үш негізді қышқыл «жоқ»
10) сенесің бе сенбейсің бе күкірт қышқылымен жұмыс істеген кезде қауіпсіздің ережесін қатаң сақтауымыз керек «иә»
ҚБ: «Мадақтау» әдісі.
Қызығушылықты ояту. «Жасырын элемент» әдісі
«Көп» сөзінің антониміне тілсіз жауды тіркесең, көз алдыңда өзгеремін, қажетті тыңайтқышқа айналамын. Мен қай элементпін?
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде азот 2 периодта, 15 (V) – топтың негізгі топшасында орналасқан.
Сабақ тақырыбын жариялау: Азот
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау
|