Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев



бет1/3
Дата25.12.2016
өлшемі5,07 Mb.
#5064
түріСабақ
  1   2   3
Н.К.Крупская орта мектебі


АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Б.Бұлқышев «Ана»


Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Тастемирова К..

Сыныбы: 4-сынып


27.02.2014

Сабақтың тақырыбы: Б.Бұлқышев «Ана»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінмен, мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.

Оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету.

Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата-ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.

Сабақтың түрі:

1) Дамытушылық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

1. Топтау стратегиясы.

2. Бес жолды өлең.

3. Эссе жазу.

.Сабақтың көрнекілігі: Б.Бұлқышев суреті, жазушы туралы анықтама, қанатты сөздер.

Сабақ жоспары:

1) Психологиялық дайындық.

2) Үй тапсырмасын тексеру.

3) Ой-ашар. Жаңа сабақ.

4) Ой қозғау.

-Автор тану

- Мәтінді оқу.

. Мәтін бойынша жұмыс

Сергіту сәті



5) Ой толғаныс.

- Бес жолды өлең.

- Топпен жұмыс

- Өзіндік жұмыс



6) Анаға тілек тренингі.

Сабақты қорытындылау.

«INSERT» стратегиясы

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Сабақтың барысы:



1) Ұйымдастыру кезеңі.

«Шаттық шеңбері».
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
2) Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар үйге қандай тапсырма берілді?



  • Ғафу Қайырбековтың « Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқу және « Ана тілім- тірлігімнің айғағы» тақырыбына шығарма жазу

  • Үй тапсырмасын пысықтау

Әрбір қазақтың азаматы өзінің қанымен бірге сіңген ана тілін құрмет тұтып, тіл мәртебесін жоғары ұстауға міндетті. Сондықтан бізге ана тілімізді ана ұғымымен байланыстырып, ана тілімізді сақтауға үлесімізді қосамыз.

-Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда аналар тақырыбына арналады. Бүгін біз Б.Бұлқышевтің «Ана» мәтінін танысамыз.



Жаңа сабаққа көшу.

І. Қызығушылықты ояту.

Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.



Оқушылар жауабы:

Топтастыру













Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – Ана. Бала – ананың бауыр еті,- дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан - жануар да баласына мейіріммен қарайды.Қарапайым еңбек адамы анасына қолынан келгенше сый - құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады. Жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән - күй шығарады. Яғни барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.
Шығарманың авторы Баубек Бұлқышев
(1916 - 1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Балалық шақ», «Елімізде қанды жорықтар» т. б. туындылары бар.
• 1916ж Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген.
• 1932ж Қарсақпай заводындағы фабрика - завод училищесіне келіп оқуға түседі.
• 1933 - 1934 жҰлытаусовхозында түрлі шағын қызметте болады.
• 1935ж оқу іздеп Алматыға келеді.
• 1938ж техникумының 2-ші курсын бітіреді.
• 1940ж армияға алынып Москва кетіп, училищеде оқиды.
• 1938 - 1940 жылдар жазушының кең өрісіне іргетас болып қаланды. Жазушылыққа мол негіз салды.
1944ж тәуелсіздігі жолындағы күресте 28 жасында қаза болған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет