Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым- Қожа»



Дата02.07.2018
өлшемі21,54 Kb.
#45598
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым- Қожа»

Сабақтың мақсаты:  «Менің атым- Қожа  повестін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан  ойлап, талқылау, үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар бізді маңызды істерге бастайды:



  1. Бір- бірінің пікірін құрметтейтін ортаны  қамтамассыз ету;

  2. Оқушыларға анық та,  нақты мақсат қоюға  мүмкіндік беру;

  3. Повесть талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету;

  4. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;

  5. Көркем шығарманың авторына деген құрмет сезімін нығайту;

  6. Жазған жауаптарына толғанып ойлауын қамтамассыз ету;

  7. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойың тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы. Бекіту   сабағы.

 Сабақтың әдісі: Ой шақыру стратегиясы, тірек

                                     сөздер, сұрақ- жауап.

Көрнекілік: «Менің атым- Қожа» және «Менің де атым- Қожа» атты буклеттер, жазушы портреті, деңгей сәкісі, компьютер, телевизор, двд.

 

Сабақтың барысы:



І.Ұйымдастыру бөлімі:

             А) Оқушылармен сәлемдесу;

                 ә) Оларды түгендеу;

                 б) Сабаққа зейіндерін аудару;

                 г) Сабақтың өтілу мақсатын түсіндіру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

І саты. Оқушы деңгейі. Сұраймын жауап бер.

«Ой шақыру» стратегиясы бойынша өткен сабақты еске түсіру.



  1. Біз Бердібек Соқпақбаевтың қандай повесімен таныстық?  («Менің атым- Қожа»)

  2. «Менің атым- Қожа» повесті бұрын қалай аталған?  («Өзім туралы» повесть)

  3. Негізгі басты кейіпкер кім?  (Қожа)

ІІ саты. Алгоритмдік саты. Ой- толғау. Кубизм стратегиясы.

-Балалар, мына қолымдағы кубиктің алты жағы бар, қазір мен үш қатардың біреуінің жанына барып, иіремін. Қай жағы түссе, сол жақтың сұрағына жауап бересіңдер.

А) Суреттеңіз. Қожа   қандай бала?

Ә) Салыстырыңыз. Қожа мен Жантасқа салыстыра отырып, мінездеме беріңіз.

Б) Зерттеңіз. Қазақ тілі мен әдебиет сабағының мұғалімі Сәбира Майқанова апай қандай адам? Соны зерттеңіз.

В) Болжаңыз. Повесті сіз қалай аяқтар едіңіз?

Г) Қолданыңыз. Қожаның киносын көріп, кітабын оқыған ауыл балалары  туралы ол қандай ойда?

Ғ) талдаңыз. Қожаның құпия кеңесі туралы өз ойыңды айт.

Бес жолды өлең стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіледі.

Үлгі: Жазушы

         өр, дарынды

         жазады, қалдым, ұқсайды

         Қазақ балалар жазушысы

        Ақын



  1. қатар Қожаға, 2- қатар Жанарға бес жолды өлең құрайды.

2-саты. Эвристикалық саты. Ойлан, тап.

  1. Жанардың жаттаудан алған бағасы (бес)

  2. Қожа орыс әдебиетінен жаттамай келген өлеңнің аты? («Қысқы кеш»)

  3. Келесі сабаққа қайсың бақа ұстап әкелесіңдер деген кім? (Оспанов)

  4. «Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен- ақ шығара ма?» (Пед. Кеңес болып жатқан сәт)

  5. Қожаның анасының аты кім? ( Миллат)

«Мынау кім?»

- Балалар, қазір экранға фоталар шығады. Сол адамдар бізге таныс па? Олар кімдер?



  1. Қожаның суреті

  2. Майқанованың суреті

  3. Қожа, Майқанова, директор суреті

  4. Қожа мен анасы Милаттың суреті

  5. Қожаның рольнде ойнаған Нұрлан Санжардың суреті

  6. Жанар рольнде ойнаған Гүлнар апайдың суреті

3-саты. Шығармашыллық саты.  Асу.

4 сатыға кірмес бұрын «Сергіту сәтін» жасайық. Жұмбақ шешеміз.

Батпаса да балшыққа,

Шыққан емес шалшықтан (бақа)



  • Не себептен мен бақа туралы жұмбақ жасырдым.

  • Оқушы жауаптары.

 

  • Балалар, сіздер бәріңізде белгілі режиссер Абдолла Қарсақбаев ағамыздың түсірген «Менің атым- Қожа» фильмін көрген болатынсыңдар.

   -Ал, мына «Менің атым- Қожа» атты буклет сол

     кинодағы эпизодтар



  • Енді мұнда бір назар аударайық. Өздеріңіз естіп, көріп жүрген «Менің атым- Қожа» фильмін тағы бір режиссер түсірді. Ол жаңа көрсетілім. Оны Еркін Рақышев деген адам түсірді. Оның аты  да «Менің де атым- Қожа» деп аталады. Сол Қожа кәдімгі біз білетін Қожамен кездеседі. Сол кездесуді көру үшін теледидарға назар аударайық.

 

  • Міне, көрдіңіздер ме, біз білетін Қожа қазір белгілі «Қазақфильм» ұлттық компаниясының телевизиялық фильмдер бірлестігінің редакторы, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы.

 

  • Ал, мына көрсетілімдегі Қожаберген Мамыров рольнде ойнаған сұлтан Қалиасқар. 7 сынып оқушысы.

   Біз білетін Майқанова апай- Роза Мұхамедиярова,   Жанар- Гүлнар Құрақбаева.

Қожаберген Қадыров пен Қожаберген Мамыровта ұқсастық бар ма?

Енді мына берілген тірек сөздерді қатыстырып, повестен кейінгі ой тақырыбында эссе жазу.

Оқушылардың жазған жұмыстарын оқыту, талдау. Өздерің жазып отырғандай Қожа біздің сүйікті кейіпкеріміз. Туған өлкесін сүйетін, ұлы елдің ұланы. Ұстазы айтқан түбі  адам болатын бала.

Оның да  аңсайтыны  да, армандайтыны да ертеңгі болашағы. Қожаны алда үлкен арман, бақыт күтеді.

V. Сабақты түйіндеу.

Повесть қалай аяқталатын еді?

Лаула! Лаула жігер оты! Самға, қиял құш!

  Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым.

VI. Үкім.

Қымбатты балалар, ұстаздар бәріңізге қазір кеспе қағаздар үлестіріп беріледі. Алдарыңызда тұрған жәшіктің өзіңізге жақын жауапқа қолыңыздағы қағазды салып, дауыс бересіз.

Сұрақ:  Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер болды?

Анасын аяуы.

Сәйбек ата сөзі.

Майқанова апайдың сөзі

VIІ. Бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма:168-171 бет оқу .

Сабақтың қорытындысы: «Балалық шақ» әнін айту.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет