Сабақтың тақырыбы: Бактериялардың құрылысы мен ерекшелігі және тіршілігі.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Бактериялардың қоректенуі, тыныс алуы бойынша жіктелуі, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биотехнология, ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары туралы түсінік беру, жаңа терминдерді түсіндіру. 2.Дамытушылық: Оқушылардың теориялық және логикалық ой - өрісін дамыту, танымдық құштарлықтарын арттыру, бактерияларды салыстыру, жүйеге келтіру арқылы өздігінен шешім қабылдау, суреттер арқылы дәлелдеу. 3.Тәрбиелік: біржасушалы организмдер ретінде бактериялардың маңызы туралы түсіндіре отырып, бактериялар тарататын аурулардың алдын үшін гигиеналық ережелерді орындап, салауатты өмір сүруге баулу. Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте, тірек – сызба, суреттер, микроскоп, жоңыршқа. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақ әдісі: ойын әдістері, салыстыру, топтастыру, сипаттау. Сабақта пәнаралық байланыс: Медицина, технология, экология. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа дайындау, оқушыларды есепке алу. II:Үй жұмысын тексеру. 1 тапсырма. «Зымыран сұрақтар» 1) Бактериялар қандай организмдер? 2) Бактерия жасушасының құрылысының қандай ерекшеліктері бар? 3) Эукариоттар қандай организмдер? 4) Қандай оаганизмдердің жасушасында ядро болмайды? 5) Бактериялардың формалары қандай болады? 6) Олардың қозғалысқа келтіретін органоидтері бола ма? 7) Бактериялардың мөлшері қандай? 8) Бактериялар қалай қоректенеді? 9) Сапрофит бактериялардың қоректену ерекшелігі неде? 10) Паразит бактериялар қалай қоректенеді? 11) Олар қалай тыныс алады? 12) Бактериялар қалай көбейеді? 2. тапсырма: Суретті толықтырыңдар. Бактерия суретіндегі органоидтерді орнына қою және атап айту. 3 тапсырма: Сиқырлы түстер. Тақтаға бактериялардың суреттері жасырылған, 3 түрлі түс қойылған, оқушылардың әр қайсысы өз таңдаған түстерін ашады содан шыққан бактерия формасына сипаттама береді. IV.тапсырма. Бактериялар шежіресі (жүйелеу).
Тіршілік формалары
Жасушалық емес Жасушалық
бактериялар әлемі Прокариоттар әлемі Эукариоттар
Бактериялар
Жаңа тақырыпты баяндау. Сабақтың жоспары: 1.Бактериялардың табиғатты маңызы. А) Шіріту бактериялары. Ә) Топырақ бактериялары. Б) Зат айналымы. Г) Азотты сіңіретін бактериялар. 2. Бактериялардың адам өміріндегі маңызы. А)Ашу бактериялары. 3.Бактериялардың биотехнологиялық маңызы. 4.Ауру тудыратын бактериялар. 5. Бактериялармен күресу. V.Жаңа тақырыпты пысықтау 1 тапсырма: Бактериялармен күрес (Тақтадан бактериялар шығады оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы оларды жояды.) 1)Бактериялардың табиғаттағы маңызы қандай? 2)Шіріту бактериялары қандай рөл атқарады? 3) Азотты сіңіретін бактериялардың топырақ түзу процесінде рөлі қандай? 4)Сүт өнімдері қандай бактериялар арқылы алынады? 5) Тамақ өнімдерін бұзбай сақтау үшін не істеу керек? 6) Микробиология өнеркәсібінің маңызы қандай? 7) Р.Кох қандай жаңалық ашты? 8) Туберкулез қандай ауру? 9) Туберкулез қалай жұғады және одан қалай қорғану керек? 10) Бактериялар туберкулезден басқа қандай аурулар тудырады?
2- тапсырма: Бактериялар отбасы Бактериялар туралы кестені толтыру
Бактериялар Тіршілікетуортасы Қоректенуәдісі Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Шіріткіш бактериялар Сүт қышқылы бактериялары, Топырақ бактериялары Түйнек бактериялары Ауру тудыратын бактериялар
3.тапсырма: Пайдасы мен зияны 1.Кокка 2.Топырақ бактериясы Пайдалы. 3.Спирилла 4.Азот жинақтаушы 5.Бацилла 6.Сүт қышқылы Зиянды. 7.Вибриондар 8.Ауру тудыратын IV. Қорытынды Вирустар мен бактерияларды салыстыру.
Ұқсастығы Бактериялар
V. Үйге тапсырма: 29. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. «Бактериялық аурулар», «Бактериялық індет» тақырыптарында хабарлама дайындау.