2. Өлеңді мәнерлеп айтып беру.
3. Топпен жұмыс.
І топ. «Айту» орталығы.
Оқушылар өлеңді «қошақаным» әуеніне салып оқу.
ІІ топ. «Жазу» орталығы.
«Бақыт» сөзіне топтастыру жазу.
ІІІ топ. «Анықтау» орталығы.
Оқушылардың пікірін тыңдау.
Әр шумақ қандай бақытқа арналған?
Бірінші шумақта - ... .
Екінші шумақта - ... .
Үшінші шумақта - ... .
Дәптермен жұмыс.
Шығармашылық жұмыс. Өлеңге тақырып қоялық.
Асыр салып ... .
Ән шырқаймыз ... .
Үлкендерді ... .
Біз – бақытты ... .
IV. Сабақты қорытындылау.
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Несімен ұнады?
Сендер өздеріңнің бақытты екендеріңді білдіңдер ме?
Иә, мен үшін сендер өте бақыттысыңдар. Себебі біздің туған жеріміз, Отанымыз, кең байтақ Қазақстанымыз бар. Елімізді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атамыз бар. Білімнің кәусар бұлағын сіңірген алтын ұя мектебіміз бар. Әрқайсымыздың шағын әлеміміз – отбасымыз бар. Аялаған анамыз, әлпештеген әкеміз, еркелеткен бауырларымыз бар. Бұл нағыз бақыт емес пе?
Олай болса балалар, мына әнді бәріміз бірге айтайық.
«Бақытты балалар» әні.
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап-
Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Өнерге біз құмармыз,
Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз.
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.
V. Үйге тапсырма.
«Балалардың бақыты» өлеңін жаттау.
VI. Бағалау.
Оқушылардың бағасын қою.
Достарыңызбен бөлісу: |