Сабақтың тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары-көпшілікке ақпаратты жеткізу құралдары



бет6/6
Дата30.12.2021
өлшемі74,71 Kb.
#106652
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15-сабақ. Бұқаралық ақпарат құралдары-көпшілікке ақпаратты жеткізу құралдары

Ақпарат -таным» кестесі



Анықтама

Ерекшелігі

Танымдық ақпарат

Қызметі













Өзіңді тексер!
«Ақпарат -таным» кестесі


Анықтама

Ерекшелігі

Танымдық ақпарат

Қызметі

Арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.




1.жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;

2.арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;

3.ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы;

4.тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.




Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор"

1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады.


Ақпараттық,

Білімдік, Әлеуметтендірушілік, Мүдделерді тоғыстырушы, Саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыруы



3-тапсырма.

«МАП-Т-квадрат» шеңбері әдісі.
Берілген ақпараттарды шеңберге орналастырыңыз.

А

М



П


Т

Т


«М»




  1. Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.

  2. Мақала 4 түрге бөлінеді:

Бас мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;

Проблемалық мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;

Насихаттық мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;

Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.

«А»
Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Ол - кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама, алайда бұл жанр туралы да әртүрлі тұжырымдар бар.
«П»



Презентация (ағылш. presentation, лат. praesentatio; сөзбе-сөз - ұсыну) - бір туындыны, ұйым мен мекемені салтанатты жағдайда жұртшылық алдында ұсыну; ресми таныстыру.


«Т-квадрат»



Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. 

Тұжырымдама - [лат. conceptio - тікел. байланыстырушы немесе қисынды аңдау] - олардың көмегімен адам ойы кез келген табиғаттың мінсіз нысандарын құра алатын ұғымдар мен көзқарастардың орамды жиынтығы
Дескриптор:

-Берілген ақпаратпен танысады;

-Олардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

-Тиісті шеңберлерге ақпаратты толтырады;

  1. Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.

бөлінеді:

Проблемалық мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;

Насихаттық мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;

Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
Өзіңді тексер!


Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.



Презентация (ағылш. presentation, лат. praesentatio; сөзбе-сөз - ұсыну) - бір туындыны, ұйым мен мекемені салтанатты жағдайда жұртшылық алдында ұсыну; ресми таныстыру.



Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын

дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. 

Тұжырымдама - [лат. conceptio - тікел. байланыстырушы немесе қисынды аңдау] - олардың көмегімен адам ойы кез келген табиғаттың мінсіз нысандарын құра алатын ұғымдар мен көзқарастардың орамды жиынтығы


4-тапсырма.
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын негізге алып, тірек сөздер арқылы сөйлемдер құраңыз.
1.-ып,-іп,-п;

2.-дықтан,-діктен;

3.есімше+соң;

4.нөлдік форма есімше+себепті

5.-ғасын,-гесін;
Тірек сөздер: редактор,газет,журналист,ақпарат,ұлттық,пікір,ойлар,әрекет,оқыту,мақала.

Дескриптор:

-Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын есте сақтайды;

-Тірек сөздерді пайдаланып,сөйлемдер құрайды;

Өзіңді тексер!

Кешегі бас редактордың газет бетіне мақала дайында деген тапсырмасы еске түсіп,әрекет жасауға ұмтылдым.

Ақпаратты уақытында бергендіктен,журналистер мерекесінде алғыс айтылды.
Ұлттық мүддеге қызмет еткен соң, өз мақсатыңа жеткен дұрыс қой.

Ақпараттар толығымен жиналған себепті,пікірлерді жазып шығуға бекіндім.

Жұмыс барысындағы жауапкершілікті сезінбегесін,жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.





Соңы.

Ой-толғаныс.

Үй тапсырмасы


Берілген мәліметтерді пайдалана отырып,

“Мен сүйіп оқитын басылым ” тақырыбына шағын мақала жазыңыз.


Дескриптор:

- Мақаланың құрылымы мен рәсімделу талаптарын сақтай алады.

- Жанрлық түрлерін ажырата біледі.

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласымен танысып, мазмұны бойынша 5 сауал дайындаңыз.








Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Саралауды қалай ұйымдастырдыңыз?

Мақсатты қалай сараладыңыз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

АКТ тек технологиямен жұмыс емес, ақпаратпен жұмыс та болуы мүмкін?

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?






Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?



1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет