Сөздерді байланыстырады.
Байланысу түрі оның –қиысу,
Интоноция тәсілімен түйісу . (Бастауыш пен баяндауыш)
б) Жаңа сабақты өздігінен меңгеру. Топтық жұмыс «Ойлан –Топтас -Талқыла! Тапсырмалар: А)Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен
Ә)Бастауыш сілтеу еісдігі немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есім болатындай мысал құрау
А)Бастауыш заттанған сын есім, сан есім және есімшеден, баяндауыш зат есімнен болатындай етіп мысал құрау
Ә) Сан есімнен болған бастауышты сан есімнен болған тұрлаусыз мүшеден ажырату үшін жасалатындай етіп сөйлем құрау.
А) Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болатындай немесе керісінше;
Ә) Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болатындай етіп сөйлем құрау.
Слайд.2 Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Бастауыш та,баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса,араларына сызықша қойылады.астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Бұл – үлкен қуаныш Ол – қазір звено бастығы.
Бастауыш заттанған сын есімнен,сан есімнен және есімшеден болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Қыздардың үлкені – Майра,кішісі – сайра. Үш – тақ сан. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды.
Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып,баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше,бастауыш зат есім,баяндауыш тұйық етістіктен болса,араларына сызықша қойылады.Менің ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам блып шығу. Қой бағу – қиын кәсіп.
Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты ,сондай-ақ зат есім,сын есім,есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін,бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді.жақсы – ісімен жақсы.Көрмес – түйені де көрмес.
Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін,соңынан сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді.Жүз жиырма – беске бөлінеді