Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест жұмыстары
1.Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады
пунктуация
синтаксис
лексикология
стилистика
орфоэпия
2.Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз
аягөз
иірімді
албырт
тұжырым
балапан
3.Мәтелді табыңыз
әлін білмеген әлек
аузымен орақ ору..
жер-ырыстың кіндігі.
еңбек ер атандырады.
әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
4.«Сөйлем мүшелері» тақырыбы неге сүйеніп оқытылады
сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою, сол арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын таба білу дағдыларына
сөйлемді көшіріп, ішінен объектіні тапқызу
анықтамасын не ережесін айтуға
көрнекілік арқылы
сөздерді сөз таптарына талдауға
5.Әріп дегеніміз не
әріп-дыбыстың таңбасы.
әріп-дыбыстау мүшелері арқылы шыққан дыбыстардың бір-бірімен қосылысы.
әріп-сөйлеудегі белгі.
әріп-барлық таңбаның жиынтығы.
әріп-дыбыстар жүйесі
6.Жалаң сөйлемді тауып белгілеңіз.
құлын кісінеді.
екі бала ойнады.
темір күрек.
пышақ қайрады.
бес гүл отырғызды
7.Туынды сын есім қалай жасалады
сын есім тудырушы жұрнақ арқылы жасалады.
есім сөзден жасалады..
жалғаулар арқылы жасалады.
зат есіммен сын есімнің бірігуі арқылы жасалады.
жұрнақ арқылы жасалады
8.Ж.Жабаевтың Ұялы мен бір....
Ортаңда көктеп бойлаған.
Сендерді қоссам жырыма,
Саңқылдап үйіп сайраған,- шумағындағы ұйқас сөзді тап
бәйтерек.
бәйшешек
жеткіншек
келешек
қария
9.Дыбыстар мен сөздерді дұрыс, анық айтып жаттығу үшін қолданылатын
жаңылтпаш
мақал
мәтел
жұмбақ
аңыз
10.Текемет басу кезінде неге қайнаған су құяды
біріктіру үшін
бояу үшін
біріктіру үшін
орау үшін
ыдырату үшін
күйдіру үшін
11.Омырауына түскен салалы ақ сақалын сипап отырып, бір шумақ өлеңді қағаз бетіне түсірген
кім екенін көрсет.
Асан Қайғы
Сырым батыр
Алдар көсе
Әбу Насыр әл-Фараби
Қожанасыр
12.Жырды айтушы адамды қалай атайтынын белгіле
жыршы
ақын
термеші
жыршы
шежіреші
күйші
13.«Көппен көрген ұлы той» дегеніміз халық ауыз әдебиетінің қай түріне жататынын көрсет
мәтел
мақал
нақыл сөз
шешендік сөз
жұмбақ
14.«Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жататынын тап:
қиял-ғажайып ертегі
арманнан туған ертегі
шыншыл ертегі
жануарлар жайындағы ертегі
тұрмыс-салт
15.«Жәмиғат» деген сөздің мағыналас сөзін белгіле
халық
ұлт
қыз бала
ұл бала
ер адамдар
16.Қаныш Сәтбаев туралы қай әңгімеде берілгенін көрсет:
қазына көтерген бала
алғашқы көмек
жетім
қырдың жас түлегі
қамқорлық
17.Алматы облысының Райымбек ауданында өмірге келген ақынды белгіле:
Мұқағали Мақатаев
Мұхтар Әуезов
Мағжан Жұмабаев
Қалихан Бекқожин
Қасым Аманжолов
18.Екі адамның немесе бірнеше адамның сөйлесуін не деп атайтынын белгіле
диалог
автор сөзі
эпилог
монолог
төл сөз
19.«Маугли» әңгімесін кім жазғанын белгіле
Редьярд Киплинг
Лев Толстой
Шыңғыс Айтматов
Эрих Распе
Александр Пушкин
20.«Сәулелі жұлдыз іздеген адам» атты әңгімеде кім туралы айтылғанын тап
Шоқан Уәлиханов
Мұхтар Әуезов
Абай Құнанбаев
Ыбырай Алтынсарин
Шыңғыс Айтматов
21.Қазақ тілін оқыту әдістемесі нені зерттейді
тілді үйрету және оны оқушының ұғыну заңдылықтарын
тіл туралы оқушыға берілетін білімді
тілді оқытуды ұйымдастыруды
тілді оқыту жолдарын
тілді оқушыға үйрету әдістерін
22.Әдебиеттік оқуда мақал-мәтелдер туралы түсінік берілетін тарау
халық ауыз әдебиеті үлгілері
балалар әдебиеті өкілдерінің шығармалары
әлем әдебиеті
өткен өмір
өнегелі өмір
23.Оқу дағдылары
дұрыс оқу, түсініп оқу, шапшаң оқу
мәнерлеп оқу, дауыстап оқу, саналы оқу
дұрыс оқу, хормен оқу, шапшаң оқу
дұрыс оқу, іштей оқу, түсініп оқу
дұрыс оқу, рөлге бөліп оқу, мәнерлеп оқу
24.Бастауыш сыныптарда зат саны, заттың сандық мәні қандай тәсіл арқылы анықталады
сұрақ қою
суретін көрсету
әңгіме
санау
сөз құрамы
25.Жазбаша тіл дамыту жұмыстары қандай жұмыс түрлері арқылы іске асады
шығарма, мазмұндама
жаттығу
мәтінді көшіріп жазу
өлеңді жаттау
сөйлем құрау
26.«Технология» терминінің құрамдас бөлігі грек сөзі «techne»-ң мағынасы
әдіс
техника
ғылым
шеберлік
ойын
27.Дамыта оқыту технологиясының негізін салушылар
Ш.А.Амонашвили мен В.Ф.Шаталов
М.Н.Скаткин мен Л.В.Занков
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов
В.М.Монахов пен Ж.А.Караев
В.В.Гузеев пен Г.К.Селевко
28.Оқыту технологиясын
білім беру ситуациясының ерекшелігіне сәйкес мұғалім таңдайды
аймақтың немесе қаланың білім беру департаменті директорының бұйрығымен енгізіледі
мектеп директоры анықтайды
білім және ғылым министрінің бұйрығымен енгізіледі
оқушының өзі жасайды
29.Оқыту процесінде көрінетін басты негізгі жүйелі білімдендіру факторы
оқыту әдісі
оқыту принциптері
білімнің мазмұны
оқыту формасы
педагогикалық технология
30.45+х=170 теңдеулерін тура теңдіктің қасиетіне сүйеніп шешу үшін оқушы мына жазулардың қайсысын жазады
х=170-45
45+х-45 =170-45
45+х+45=170+45
х=170+45
45+х-170=170-170
31.Бастауыш мектепте математиканы оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы
сабақ
ойын
үйірме
үй тапсырмасы
жаппай жұмыс болып табылады.
32.Көбейту мен бөлудің ерекше жағдайлары
0 және 1-ге байланысты көбейту және бөлу
10-ға көбейту
100-ге көбейту
1000-ға көбейту
1000000-ға көбейту
33.Килограммның 1/100 бөлігі-бұл
100г
1000г
10г
1г
10000г
34.Математика сабағында дидактикалық ойындар
танымдық әрекетті белсендіру
балаларды ойнату
қатар бойынша жарыс ұйымдастыру
материалдың игерілу деңгейін анықтау
тақырыпты жалпылау мақсатында қолданылады.
35.Есеп неше амалмен шығарылады
«Бір дүкенге 24 қап, ал екіншісіне 28 қап картоп әкелінді. Біріншісіне қарағанда екінші дүкенге 160 кг артық әкелінді. Әр дүкенге неше кг картоп әкелінді?»
төрт
үш
бес
бір
екі
36.Бастауыш мектепте массаның қай бірлігімен таныстырылмайды
миллиграмм
тонна
центнер
грамм
килограмм
37.Жеміс базасында 1550 т картоп бар еді. Бірінші күні дүкендерге барлық картоптың 1/5 бөлігін, екінші күні 2/5 бөлігін алып кетті. Екінші күні дүкеннен қанша картоп алып кеткен
496
310
248
1240
1550
38.Бастауыш мектепте үй тапсырмасы
міндетті түрде тексеріледі
мүлдем тексерілмейді
кейде тексеріледі
міндетті түрде тексеріледі
кейбір оқушылардың жұмыстары ғана тексеріледі
тексерілмей қалуы мүмкін
39.Неше есе артық?» және «Неше есе кем?» сұрақтарына жауап беретін есеп қай амалмен шығарылады
бөлу
қосу
азайту
көбейту
біріктіру
40.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады
бір пұт
екі пұт
жарты пұт
ширек пұт
үш пұт
|