«Бау- бақшаға саяхат» тақырыбына сабақ жоспары
|
Байдаулетова Жанар Муратовна
Риддер қаласының «Мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Бау- бақшаға саяхат»
|
Сабақтың жалпы мақсаты:
|
1. Модуль бойынша алған білімдерін қайталау, қорытындылау, үйренген сөздерді, сөз тіркестерді, сөйлемдерді қайталау, ауызша сөйлеуге жаттықтыру.
2. Тапсырмалар орындау арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Оқушыларды табиғатты аялауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
1. Тақырып бойынша сөз тіркестерді, сөйлемдерді құрайды.
2. Зат есімдерді, сын есімдерді мәтіннен табады.
3. Жеміс- жидектерді көкөністерден ажырата алады.
4. Жұмбақтарды шеше алады.
5. «Бау-бақшаға саяхат» тақырыбына ауызша презентацияны қорғайды.
|
Түйінді идеялар:
|
«Оқыту мен оқудағы», «Сын тұрғысынан ойлау», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», АКТ, «Жас ерекшелітеріне сай оқыту және оқу»
|
Уақыт
|
Мұғалімнің қызметі
|
Оқушылардың қызметі
|
3мин.
4 мин.
|
Амандасып, сәттілік тілейді.
«Шаттық шеңбері» стратегиясы бойынша оқушылардың көңіл- күін көтереді. Сабаққа деген жағымды сезімдерін қалыптастырады.
|
«Шаттық шеңбері» стратегиясын орындайды. Бір- біріне жақсы тілек айтады. Көңіл-күйлері көтеріледі.
|
Мұғалім түсіндіреді:
Бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек, пойызбен саяхат жасаймыз.
Билеттегі сұрақтарға жауап беру арқылы пойызға отырамыз.
|
Әр оқушы билетін алып, сұраққа жауап беріп пойызға жайғасады.
Билетте үй тапсырмасы (сұрақтарға ) жауап береді.
|
5 мин.
|
Оқушыларға презентацияны көрсету, сұрақ қойып, сабағымыздың тақырыбын анықтап, күтілетін нәтижелерді айту.
|
Оқушылар презентацияны көру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын, күтілетін нәтижелерді анықтайды.
|
Саяхаттың маршрут қартасы таратылады. Маршрут қартадағы тапсырмаларды орындайды және станция сайын оқушылар өз-өздерін бағалап отырады.
|
Әр топ маршрут картасын алады.
Станцияларға саяхат жасағаннан кейін оқушылар өз- өздерін бағалау әдісімен бағалап отырады.
|
5мин.
|
Алғашқы станциясы «Сөздік жұмысы».
Әр топқа жеміс, көкөністерді суреттері ұсынылады.
Тапсырмасы: тақырып бойынша өтілген сөздермен жұмыс.
Сөз – сөз тіркесі – сөйлемдерді құраңдар.
Мұғалім, бақылайды, бағыт- бағдар береді, түсіндіреді.
|
Тақырып бойынша өтілген сөздермен сөз тіркесін және сөйлемдер құрастырады.
Тақтаға шығып, жұмыстарын қорғайды.
Өз-өздерін бағалайды.
|
5мин.
|
«Сыртқы және ішкі шеңбер» станциясы.
Тапсырма: Сыртқы шеңберге жеміс- жидектерді, ал ішкі шеңберге көкөністерді жазып алыңдар.
Мұғалім, бақылайды, бағыт- бағдар береді, түсіндіреді.
|
Оқушылар сыртқы шеңберге жеміс- жидектерді жазып, ал ішкі шеңберге көкөністерді жазады.
Тақтаға шығып, жұмыстарын қорғайды.
Өз-өздерін бағалайды.
|
5 мин.
|
«Грамматикалық тапсырма» станциясы
Тапсырма: Мәтіннен зат есімдерді, сын есімдерді тауып, жазып алыңдар. Оларға сұрақ қойындар.
Мұғалім, бақылайды, бағыт- бағдар береді, түсіндіреді.
|
Оқушылар естеріне түсіріп, зат есім, сын есім туралы не білетіндерін ортаға салады, сызбаны толтырады. Оларға сүрақ қояды.
Тақтаға шығып, жұмыстарын қорғайды.
Өз-өздерін бағалайды.
|
6 мин.
|
Жұмбақтар» станциясы
Компьтерде жүмбақтар мен суреттер көрсетіледі.
Жұмбақтардың шешуің тауып, шешуіңе сәйкес келген суретті табыңдар.
|
Оқушылар компьютер қолданып, тапсырманы орындайды, жұмбақтарды шешеді. Жауаптарын айтып береді.
Өз-өздерін бағалайды.
|
6 мин.
|
Ауызша презентацияны қорғау.
Мұғалім, бақылайды, бағыт- бағдар береді, түсіндіреді.
|
Оқушылар презентацияны қорғайды. Өз ойларын жеткізе алады.
Өз-өздерін бағалайды.
|
2 мин.
|
Бау- бақшаға саяхаттан алған әсерлерімен кері байланыста бөлісуге сұрайды.
|
Стикерлерге ойларын жазып, кері байланыс қалдырады.
|
2 мин.
|
Мұғалім бағалау парақшаларындағы бағаларын сұрап, өзінің қорытынды бағасын қояды.
|
Бір-бірін, өз-өздерін бағалайды.
|
2 мин.
|
Үй тапсырманы беріп, оқушыларға түсіндіреді.
|
Үй тапсырманы жазып алады.
|
«Бау – бақшаға саяхат» сабағына рефлексивті есеп
3 «А» сынып оқушыларымен «Бау- бақшаға саяхат» тақырыбына ашық сабағын өткіздім. Сабақтың басты мақсаты оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, сабаққа бағдарламаның 7 модулін енгізу. Сонымен бірге жеміс- жидектерді және көкөністерді айыра білу, өз бетінше жұмыс істей алу , өз-өздерін бағалай білуге үйрету.
Сабақты «Шаттық шеңбері» белсенді стратегиясымен бастауды жөн көрдім. Себебі оқушылардың арасында ынтымақтастық пен сабаққа деген жағымды сезімдерін туғызғым келді. Содан соң, топқа бөлу үшін пойыз билеттерін тараттым. Билеттердің суретіне қарап сынып екі топқа бөлінді.
Әр топтың алдына маршруттық караталары және бағалау парақшалары таратылды. Топ ішінен өздеріне топ басшыларын сайлап, оның әр топ мүшелерін 5 - балдық жүйемен бағалау керектігін түсіндірдім.
Сабақтың тақырыбын білмес бұрын, оқушыларға моноблоктан жемістер мен көкөністер, олар қай жерде өсетініне байланысты суреттер презентациясын ұсындым. «Не ұқтыңдар?», « Сабағымыздың тақырыбы қандай?»деген сұрақтар қойдым. Балалар өзара сөйлесіп, суреттердің арасындағы байланысын тауып, ойларын ортаға салып, сабақтың тақырыбын анықтады. «Бау- бақшада» модульі бойынша білімдерін еске түсірді. Әрі қарай сабақта күтілетін нәтижелерін анықтадық. Оқушылар жақсы толық жауап берді. Бұл тапсырма арқылы олардың білімдерін тексере ғана қоймай, сыни тұрғыдан ойлата, білімдерін кеңейтуге әрі қарай дамытуға мүмкіндік бердім.Сабақты ары қарай жалғастырмақ бұрын, бағалаушы, уақыт белгілеушіні сайладық. Содан соң топтар « Сөздік станциясына» барды. Бұл станцияда оқушылар өтілген тақырып бойынша өз беттерінше сөз тіркестерді, сөйлемдерді құрды. Менің байқауымша, оқушылар топтағы жұмысты дұрыс ұйымдастырды, себебі бір- біріне кезектесіп сөз беріп, барлығын мұқият тыңдап отырды. Екі топ жұмысты уақытында аяқтады. Содаң кейін екі оқушыдан тақтаға шығып құрған сөз тіркестерді, сөйлемдерді оқып берді. Сонымен қатар екі топ «үлкен саусақ» стратегиясымен бір- бірін бағалады. Бұған қарағанда, топтық жұмыс, бірге ойлану арқылы оқушыларды жақсы нәтижеге әкелді.
Сабақтың келесі кезеңі «Грамматикалық тапсырма» станциясы. Мына станцияда оқушылар мәтіннен зат есімдерді, сын есімдерді тауып, оларға сұрақ қойыпсызбаға топтастырды.Бұл тапсырманы оқушылар өзара бірлесіп орындады. Әр топ өз тапсырмаларын толық орындаған соң, бағалау парақтарына бір-бірін бағалады. Оқушылар бағалауға үлкен жауапкершілікпен қарағанын байқадым.Екінші топ, Софья деген оқушыға 1 балды қандай себеппен қойғандарын түсіндірді. Бұл тапсырманы орындаған соң, оқытушы ретінде топта бірлесіп жұмыс жасауы, жеке жұмыс жасауға қарағанда әлдеқайда тиімдірек екендігін байқадым.
Әр қарай оқушылар «Сыртқы және ішкі шеңбер» станциясына келді. Бұл станцияда оқушылар сыртқы шеңберге жеміс - жидектерді, ал ішкі шеңберге көкөністерді жазды. Оқушылар тапсырманы жақсы орындады, бірлесіп, өз ойларын дәлелдеп, жақсы оқитын балалар нашар оқитын балаларға көмектесті. Тапсырманы аяқтаған соң, екі оқушы тақтаның жанында жұмысты қорғады. Бұл жерде мен балаларға сұрақтар қойдым:
- Неге жеміс - жидектер бақта, ал көкөністер бақшада өседі?
Кирилл деген оқушы мынандай жауап берді:
-Жеміс – жидектер ағашта, ал көкөністер жерде өседі.
- Басқа қандай айырмашылықтары бар?
Тимур: - Жеміс – жидектер тәтті, ал көкөністерді ыстық тамақтарға қосуға болады.
Жаңағы тапсырманы таңдап алған себебім, бұл стратегия оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға үйретеді, танымдық қабілеттерін дамытады.
Сабақтың келесі кезеңі «Жұмбақтар» станциясы. Оқушылар компьтерде жүмбақтар мен суреттерді сәйкестендірді. Бұл тапсырманы оқушылар орындау барысында ойлау, есте сақтау қабілеттері дамыды. Оқушылар тапсырманы өте жақсы орындады. Компьютермен орындаған тапсырма, олардың қызығушылығын және белсенділіктерін арттырды деп ойлаймын.
Жұмбақтардың шешуің тауып, шешуіңе сәйкес келген суретті тапты.
Сабақты жинақтап, қорытындылау кезеңінде әр топтың оқушылары ауызша презентацияларын қорғады. Әр топтың жауабынан соң берген жауабын бағалап отырды.Кейбір оқушылардың жауаптарында біраз кемшіліктер кездесті. Дегенмен оқушылардың берген жауаптарына көңілім толды.Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін, жан-жақты көрсете алды.
Сабақтың сонында, кері байланыста, барлық оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлер арқылы жеткізді. Балаларға сабақ ұнады.
Сабағым сәтті өтті дегенойдамын, себебі оқушылар тапсырмаларды дұрыс орындады, презентацияны жақсы қорғап, сабаққа белсенді қатысты.
Қорыта айтқанда, заманның талабына сай білім беруде ең басты қағида оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз беттерінше жұмыс жасауға жетелеу, сондықтан мұғалім тек қана білім берумен шектелмей, оқушыларын жан – жақты дамытуға тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын дұрыс құру керек, және де оқушыларға дайын білімді бермей, бағыт - бағдар көрсетіп, өз беттерімен білім алуға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |