- 1.Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем не деп аталады?
- А.құрмалас сөйлем
- В. жай сөйлем
- С.сабақтас құрмалас сөйлем
- D.салалас құрмалас сөйлем
- Е.аралас құрмалас сөйлем
- 2. Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай нешеге бөлінеді?
- А. 5 В. 3 С. 2 D. 4 Е. 6
- 3. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер не деп аталады?
- А. Сөз таптары D.сөз тіркесі
- В. сөйлем мүшелері Е. сөз формасы
- С. сөз
- 4. Сөйлем мүшелеріне жатпайтынын көрсетіңіз?
- А.бастауыш D. толықтауыш
- В. анықтауыш Е. сөз тіркесі
- С. баяндауыш
- 5. Сөйлемде айтылған қимыл-әрекеттің иесін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі?
- А. Баяндауыш D. анықтауыш
- В. бастауыш Е. пысықтауыш
- С. толықтауыш
Достарыңызбен бөлісу: |