Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Дата 26.08.2017 өлшемі 241,39 Kb. #28627 түрі Сабақ
Жамбыл облысы.Қордай ауданы.Қайнар ауылы.№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бейсенова Алиша Асылбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру.
Хикаят бойынша оқушылардың, ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушыны жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын ояту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жинақтау - бекіту - талдау
Түрі: Дәстүрлі емес
Көрнекілігі: Бердібек Соқпақбаев портреті, кітаптары. «Менің атым - Қожа» фильмінен алынған суреттер.
Әдісі: Сұрақ - жауап, Рафт - 2, «Топтастыру»
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа
назарын аудару.
Сабақтың жоспары:
1. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. ( Үй тапсырмасы )
2.« Білген сайын келеді біле бергім …» ( Жаңа сабақ )
а ) « Түбінде адам болатын бала » ( Қожа бейнесі )
б ) « Өткірдің жүзі , кестенің бізі , өрнегін сендей сала алмас »
( Шығармашылық жұмыс )
3. Не үйрендім , не білдім . ( Сабақты бекіту )
4. Бақытты балалық шақ . ( Сабақты қорыту )
( Кинодан кішкене үзінді беріледі ?)
2. Үй тапсырмасын сұрау .
- Үйге қандай тапсырма берілді ?
- Бердібек Соқпақбаевтың « Менің атым - Қожа » хикаяты
- Балалар , үйге берілген тапсырманы біз бәйге түрінде өтеміз .
Мен ойын шартымен таныстырайын .
Сызба орналасқан әрбір ұяшықта Б . Соқпақбаевтың « Менің атым - Қожа » хикаятының желісі бойынша сұрақтар жасырылған
1. Оң жақтағы 10. Хикаят қалай басталатын еді ?
2. C ол жақтағы 10. Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіретін еді ?
3. Оң жақтағы 20. Мектеп жанындағы кезіккен сыныптасы Жантас Қожаға не деп еді , одан кейінгі Қожаның әрекеті қандай болды ?
4. Сол жақтағы 20. Майқанова мен Қожаның арасындағы кикілжің неден басталған болатын ?
5. Оң жақтағы 30. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Анфиса Михайловнаның сабағында Жантас не үшін сөгіс алды және бұл жайтқа Қожаның көзқарасы қандай ?
6. Сол жақтағы 30. Қай оқиғадан кейін сынып жетекшісі Майқанова сабаққа екі күн қатарынан келмей қалды ?
7. Ортадағы 40. Тәртіпсіздігінен кейін анасы Қожаға өз ренішін қалай білдірді ?
8. Ортадағы 50. Сәйбек қарт Қожаға әкесі жөнінде қандай естеліктер айтып берді ?
9. Ортадағы 60. Қожаның әдепті жолға түсуіне себептерді ата ?
Жаңа сабақ « Білген сайын келеді біле бергім …»
Қазақ прозасына қайталанбас соны леп , өзгеше өрнек , ғажайып сыр - сипат әкелген көрнекті жазушы , балалар әдебиетінің классигі - Б . Соқпақбаев .
Б . Соқпақбаев - нәзік психолог , бала жанын терең зерттеген қаламгер . Шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосылған құнды дүниелер . Сондай шығармаларының бірі -« Менің атым - Қожа » хикаятымен таныспыз . Бүгін шығармадағы кейіпкерлерге талдау жасаймыз .
4. Хикаяттағы кейіпкерлерге талдау жүргізу .
Кесте толтыру .
Белсенді кейіпкерлер : Қожа , Жантас , Миллат МайқановаҚожа , Жантас , Миллат Майқанова
Тасадағы кейіпкерлер : Жанар , Оспанов
Белсенді кейіпкерлер
5. Енді « Қожа қандай бала ?» деген сұраққа жауап іздейміз . Менің байқауымша , сіздердің пікірлеріңіз әр түрлі . Соған байланысты сынып екі топқа бөлінген .
1 топ қарары : « Қожа - жақсы бала »
2 топ қарары : « Қожа - тентек бала »
« Қожа - жақсы бала »
Қожа - алғыр бала
- ақылды бала
- әділетті бала
- мейірімді бала
« Қожа - тентек бала »
Қожа - өтірікші бала
– шыдамсыз бала
- бұзық бала
- тиянақсыз бала
« Теріп алу » стратегиясы
Алғыр , пысық -------------- әділетті
өтірікші ---------------------- ақын
ақылды ---------------------- әзілқой
сотқар , тентек ------------- арамза
мейірімді ------------------- тапқыр
қу , зымиян ------------------ қателіктерді түсіне біледі
шыдамсыз ------------------ жағымсыз
тиянақсыз
« Топтастыру » стратегиясы
Қожа
Жантас
7. « Қай сәт бейнеленген ?»
1) « Есікті аша бергенімде , тынысым мүлде бітіп , жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды . Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін »
( Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт )
2) Терезенің тұсында мектептің бағы бар . Осыдан бес , алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер . Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым . ( Пед . Кеңес болып жатқан сәт )
3). Қоңырау әлі бола қоймаған . Сол кезде басыма сап етіп , бір қызық ой келе қалды . Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім . ( Сөмкеден бақаның шыға келу сәті )
4). Аузымды түтінге толтырып алып , жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті . Жер дүние төңкеріліп бара жатты . ( Қожаның темекі тартқан сәті )
8). « Мынау кім ?»
- Біреуді біреуге атыстырып , от тастап жүретін қу , сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш . ( Жантас )
- Мен оқулық емес , қант аламын . Сіздің не шаруаңыз бар , қоя беріңіз . ( Қожа )
- Біз екеуміз таныс шығармыз деймін .( Майқанова )
- Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың ?
- Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын . Менің мойнымда оның тиыны емес , теңге емес , бақандай бір қарасы жүр . ( Сәйбек қарт )
- Келесі сабаққа қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер . ( Оспанов )
9. « Өткірдің жүзі ,
Кестенің бізі ,
Өрнегін сендей сала алмас »
( Шығармашылық жұмыс )
Рафт - 2
Рөл : Қожа
Аудитория : Сынып бөлмесі
Форма : Ішкі ой
Тақырып : Түбі адам боламын .
10. « Түбі адам болатын бала » көрініс .
Қожаның қаулысы
Сабақты бекіту .
11. « Не үйрендім , не білдім ?»
Осы сабақтан « Жүрегіме не түйдім ?»
12. Үйге тапсырма : « Бақытты балалық » ойтолғау
13. Оқушыларды бағалау. Достарыңызбен бөлісу: