Қазақ әдебиеті
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын ояту.
Тәрбиешілік: Оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жинақтау - бекіту - талдау
Түрі: Дәстүрлі
Көрнекілігі: Бердібек Соқпақбаев портреті, кітаптары, класстер
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын аудару.
- Оқушылар алдыда қандай үлкен мереке келе жатыр? әңгімелесу
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
3. Жаңа сабақ
Бердібек Сокбақпақбаевтің өмірбаянымен танысу. Өмірбаяның оқып, аудару.
Тақтаға және дәптерге класстер жасау, қысқаша өмірбаяның жазу.
4. Сабақты бекіту.
156 бет. 2 тапсырма жазбаша (өздік жұмыс)
5. Сабақты қорытындылау
«Не үйрендім, не білдім?»
6. Үйге тапсырма: «Менің атым-Қожа» шығармасын оқу
7. Оқушыларды бағалау.
БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ
(1924–1991)
БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады...
БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ
(1924–1991)
Достарыңызбен бөлісу: |