Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры Сабақтың мақсаты



Дата05.02.2022
өлшемі48,21 Kb.
#18001
түріСабақ

Күні: 26.04. 2016. Пәні:

Әдебиеттік оқу. 3 «а» сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

Бесік жыры

Сабақтың мақсаты:

Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу, тұсау кесу дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының, тұсау кесу жырының маңызын ұғындыру.Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.Салт – дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

 Өлеңнің мазмұнын түсінеді, қорытынды жасайды. Сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеті артады. Өз ойларын дәлелдей алады.

Сілтеме:

Оқулық- 3 сынып, сабақ жоспары.

Ресурстар:

Әдістері:



Кітаптар, суреттер, «Қазақ халқының салт - дәстүрлері» фильмінен үзінді, интерактивті тақта, слайдтар, бағалау жетондары.
Сұрақ – жауап, баяндау, талдау, ой қозғау.

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық
Құлпыра берші, кең дала,
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін.

 Кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешу.

Иесі анық - сәби,
Әрі төсек, әрі үй.

(Бесік)



Ой қозғау



- Бесік деген не? Бесік неден жасалған?
- Бесікке жатқан бала бар ма?
- Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?
- Тұсау кесу рәсімін көрдің бе?
Слайдқа назар аударып, оқушылардың шілдехана, бесік той, тұсау кесу туралы ойларын тыңдау.

Көргендерін айтады, пікір қосады

Мағынаны тану:

- Бесік - бабамыздан қалған киелі мүлік.
Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша, қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді.
Бесікке салуды көрсету. (фильмнен үзінді )
Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары, ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан – ұрпаққа, атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім-кешегінен бастап, үй жиһаздары, ата – кәсіп құрал – саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған.
Басты мұралардың бірі – «Бесік жыры».



Фильмнен үзінді көреді

Алған ақпарларын толықтырады



Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді әндетіп оқу. Оқушыларға түсініп оқыту.

Бірінен соң бірі мәнерлеп оқиды

Сөздік жұмысы:

Күрмеу - баланың аяғына байланған ала жіп
Тақым - тізенің астыңғы, ішкі жағы




Терме диктант

Өлеңнен балаға арналған жылы сөздерді теріп жазу.



Әр оқушы слайдтан өзін - өзі тексереді



Есіңе сақта!

Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады екен. Балаға жағымды әуенмен айтылады, әуен - сазсыз мәні де, сәні де болмайды.




Сергіту сәті

«Ұйықта, бөпем»

Қимылмен орындайды.

Ырым - тыйым сөздер:

Бос бесікті тербетпе.
Бесікті бір қолмен көтерме
Бесікті ашық қалдырма

Өздері білетіндерін айтады, мағынасын ашуға тырысады

Постер қорғау.

1 - топ: Өлең ұйқастыру
----------------------------------- сыйлаймын,
----------------------------------- тыңдаймын.
----------------------------------- аламын,
------------------------------------ баламын.
2 - топ: Бесік туралы ырым – тыйым сөздер.
3 - топ: «Бес жолды өлең»

Топтық тапсырмаларын тез орындауға ұмтылады

Ой толғаныс.
Бекіту

-«Бесік жырын» айтып отырған кім?
- Апасы сәбиге қандай жақсы тілектер айтты?
- Тұсау кесу рәсімін көрдің бе?



Сұрақтарға жауап береді

Үйге тапсырма

Өзің қалаған шумағыңды жаттап ал.

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау жетондары арқылы





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет