Сабақтың тақырыбы: Билік. Саяси билік және саяси жүйе


Биліктің қызметтері мен жіктелуі



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі31,75 Kb.
#81387
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
4 Апта. Семинар саясаттану. Канат Ализа

Биліктің қызметтері мен жіктелуі

Саяси биліктің құрылысы, басқа да белгілері, қасиеттері әр уақытта тарихи, ұлттық, тіпті елдің географиялық өзгешеліктерімен байланысты болады. Мысалы, Англияда осы күнге дейін монарх пен лордтар палатасының сақталуы, АҚШ-тағы штаттардың уәкілдерінен қалыптасқан сенат палатасының 43 болуы, Жапониядағы императорлық дәстүрлердің сақталуы, Қазақстандағы парламенттің бір палатасы Мәжіліс деп аталуы т.с.с.Келесі ерекшелік — саяси биліктің сапасы көбінесе қоғамның саяси- құқықтық мәдениетінің деңгейімен байланысты болуы. Саяси билік – теориялық проблема. Қоғамда неғұрлым саяси биліктің теориялық проблемаларын танып-білуге, меңгеруге жағдай жасалған болса, соғұрлым саяси биліктің қарқынды дамуына жолдар ашылып оның сапасы жоғарылайды. Мысалы, бұл процесті альпинизммен салыстыруға болады. Тауға көтеріліп бара жатқан альпинист алға ұмтылған сайын таудың шыңы альпинистке жақындай түседі. Саяси билікте те солай – ол саяси білімнің, теорияның шыңы, оны меңгеріп ұққан сайын билік қоғамға жақындай түседі.«Әр елдің билігі өзіне лайық» деген саясаттанудағы тұжырымдама осыны көрсетеді.Билік туралы білімді жоғарылату қажет екеніне дәлел – күнделікті қарапайым түсінік деңгейі. Жер жүзіндегі адамдардың көпшілігі әлі де болса саяси билікті біреулердің қолындағы құрал, олар сол құралды өз қажетіне пайдаланады деп есептейді.\Саяси билікті түсінудің бұл бірінші, төменгі деңгейі.Екінші, жоғарғы деңгей – саяси билікті қалыптастырудағы қоғам мүшелері өздерінің мемлекеттегі орнын, ролін жақсы түсіну. Бұл деңгейдегі түсінік бойынша, саяси билік біреулердің күшімен, еркімен, не болмаса ақылымен ғана ұйымдастырылмайды, саяси биліктің қызметі, белсенділігі әр адамның қосқан үлесіне байланысты.Осы бірінші деңгей мен екінші деңгейдің аралығы алыс, алшақ жатыр.Екі аралықтың арасын жақындату, қоғам мүшелерінің түсінігін көбірек бірінші деңгейден екінші деңгейге көтеру – саяси ғылымның негізгі мақсаттарының бірі.Саяси билік– саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б.
Саясаттануда билік теориясы негізгі орын алады, ол саясатпен тығыз байланысты. Билік барлық саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу. Саяси ғылымда билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саланы кратология («kratos» -билік, «logos» - ілім, ғылым) деп атайды. Саясаттануда билік, оның ішінде саяси билік туралы түрлі түсініктер, концепциялар, анықтамалар бар. Олардың ішінде жиі кездесетін анықтамалар: телеологиялық (гректің «teleos» мақсат сӛзінен), бұл анықтама бойынша билік – белгілі бір мақсатқа жету мүмкіндігі; бихевиористік (ағылшынның «behaviour»-мінез-құлық деген сӛзінен), мұнда билік - адамның мінез-құлқының ерекше түрі ретінде түсініледі. Билікке ұмтылу – адам психикасы мен санасының негізгі түрі; құрылымдық (структуралистік) анықтама бойынша, билік – басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі; инструменталистік (құралдық) анықтамада билік – белгілі бір мақсатқа жету үшін құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу, қорқыту т.б.) қолдану мүмкіндігі; күштеу анықтамасы бойынша, билік – үстемдік және ырқына еріксіз күштеп кӛндіру; еріктік, билік – қарсылыққа қарамастан ӛз еркін жүргізе алу қабілеті (М.Вебер); билік ықпал ретінде түсіндірілетін анықтамада, билік – басқалардың мінезқұлқына ықпал ету мүмкіндігі. Бұл мына формуламен түсіндіріледі: «А-ның Б-ға билігі деп, А-ӛз ықпалымен Б-ға ешқашан істемейтін нәрсесін істеттіруі» (Р.Даль); 28 конфликтік (жанжалдық), билік – дау-жанжал жағдайында игілікті бӛлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы. Бұл келтірілген анықтамалар бір-бірін жоққа шығармайды. Олар биліктің түрлі аспектілеріне баса назар аудара отырып, бір-бірін толықтырады. Бүгінгі күні саясаттануда биліктің бірыңғай теориясы қалыптасқан жоқ.Саясаттанушылар биліктің бірнеше теориясын ұсынады. Саясаттануда биліктің мәні туралы мынадай концепциялар бар: жүйелік концепциясы, реляционистік теориялар.
Билікті жүргізу әдістері рухани және материалдық болып бӛлінеді. Биліктің құрылымына: кӛздері, негіздері, ресурстары, субъектісі, объектісі, функциялары кіреді.Биліктің қайнар көздері – бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, құпия, мүдде, білім, ақпараттық мәліметтер. Биліктің негіздері мен ресурстары оның маңызды құрылымдық элементтері болып табылады. Биліктің негіздері деп субъектінің биліктік еркі негізделенетін биліктің базасын, кӛздерін атайды. Биліктің ресурстары деп билікті және оның негіздерін нығайту үшін қолданылатын (немесе қолданылуы мүмкін) нақты және потенциалды құралдарды айтады. Қоғамның қызмет ету салаларына байланысты биліктің экономикалық, әлеуметтік, заңдық, әкімшілік күштеу, мәдени-ақпараттық негіздері мен ресурстары бар. Билік ресурстары ғылыми негізделген болып, кәсіби тұрғыда пайдаланылса, олар билік пен оның негіздерін нығайтады. Ал егер ресурстар кәсіби емес, волюнтаристік тұрғыда пайдаланылса, онда олар билікті әлсіретіп, күйретіп дағдарыстар мен революцияларға әкеледі. Билік – ең алдымен оның объектісі мен субъектісі бар болған жағдайда жасалынатын адамдар арасындағы қарым-қатынас. Биліктің субъектісі белсенді, бағыттаушы бастама. Биліктің субъектісі - индивид, ұйым, әлеуметтік қоғамдастық, топтар, мемлекет т.б. бола алады. Биліктің объектісі - жеке адамдар, олардың бірлестіктері, топтар, қауымдастықтар, таптар т.б., яғни саяси субъектінің іс-әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар. Билік қатынасының мәні мынада – субъект нұсқау береді де, объектіге билікті орындауды міндеттейді, яғни бағынуды талап етеді. Биліктің субъектісі мен объектісін биліктің агенттері деп те атайды. Билік мына функцияларды атқарады: үстемдік, басшылық, басқару, ұйымдастыру, бақылау. Үстемдік – қоғамды басқарушылар мен басқарылатындарға бӛлуге негізделген. Басшылық – бұл әкімшілік аппараты мен ӛкіметтің органдары арқылы жүзеге асырылады. Басқару - бұл атқарушы ӛкімет органдарының шешімдер талқыланып жасауы мен оларды қабылдауы және оны ӛмірге енгізуді ұйымдастыру. Ұйымдастыру – бұл жекелеген адамдардың, топтардың, таптардың, ұйымдар мен мекемелердің ӛзара байланысын келісу, реттеу, қамтамасыз ету.Бақылау – бұл қоғамдағы адамдардың, топтардың қызмет ережелерін қамтамасыз ету, сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет