Сабақтың тақырыбы: Білім беру жүйесі
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Қазақстанның білім беру жүйесі, мектептегі білім берудің сатылары туралы мәлімет беру.
дамытушылық: оқушылардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік:оқушылардың білімге, еңбекке сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақта қолданатын ТОҚ: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. сәлемдесу
2. оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Өткенді қайталау.
Фонетикалық жаттығу. Математикалық фонетика
Сөз тұлғасына қарай қалай бөлінеді? (негізгі туынды)
Негізгі түбір дегеніміз не? Мысал келтір
Туынды түбір қалай жасалады? Мысал келтір
Құрамына қарай қалай бөлінеді? (дара, күрделі)
Күрделі сөздер нешеге бөліне? Мысал келтір
ІІІ. Үй жұмысын тексеру.
Сөздерді тексеру
Комплектующие компьютера – комп құрылғылары
Персональный компьютер -
Системный блок –
Мышь-
Клавиатура –
Кнопка –
Материнская плата –
Устройства для сохранения инф-ции
Твердый диск –
Мягкий диск –
Печатное устройство –
ІІІ. Білім беру жүйесі – Система образования
Қазақстанда білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады:
Орта білім (мектеп)
Арнайы орта білім (колледж)
Жоғары білім (инст-т, унив-т)
Білім беру туралы заң.
Білім беру туралы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық училище, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (магистратура, докторантура), әр түрлі мамандықтар бойынша жетілдіру курстары.
1999 жылы маусымның 7-сінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында көрсетілгендей, жалпы білім беру қазіргі кезеңде үш бастапқы мектеп деңгейінде : бастауыш (1-4 сыныптар), толық емес орта (5-9 сыныптар) және толық орта (10-11 сыныптар) болып сатылай жүзеге асырылуда1-ші және 2-ші сатылы білім міндетті. Ал 3-ші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бір пән тереңдетіліп оқытылатын мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда. Қазіргі білім беру міндеттері: жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу
Тапсырма:
Мәтін бойынша сұрақ құраңдар.
Сөйлемдерді аяқтаңдар
1. Қазақстандағы білім беру жүйесі бірнеше баспалдақтан тұрады................
2. 1999 жылы 7-ші маусымда ..................
3. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері ...................
4. Қазіргі білім беру міндеттері: .................
3. Мәтіннен бірнеше зат есімді теріп септік жалғауларын анықта.
4. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазып, түрін анықта
5. Сын есімдерді теріп жазып, түрін анықта. (қатыстық, сапалық)
6. Мектеп, білім туралы мақалдарды толықтыр.
* Жеті жұрттың...... біл *Мектеп..., білім .......
Жеті түрлі ... біл. *Ұстаздан ... озар
* Жердің сәні ... * Тіліңмен жүгірме
Ердің сәні .... ............ жүгір
7. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса
Білім беру туралы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерін айқындайды.
ІV. Қорытынды.
Білім беру жүйесі неше сатыдан тұрады?
11 сыныпты бітірген түлек қандай біліп алып шығады?
11 сыныптан кейін оқуды қайда жалғастырасың?
Қандай білі алғың келеді?
V. Үйге тапсырма
«Білім беру жүйесі» мазмұндау
Достарыңызбен бөлісу: |