Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5 мин)
|
Мұғалім сабақтың басында Мао Цзэдун мен Дэн Сяопиннің портреттерін көрсетіп, сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:
Портреттен кімді көріп тұрсыздар? Бұл тарихи тұлғалар туралы не білесіздер?
Сұрақтарға жауаптарды талқылай отырып, оқушылар сабақ тақырыбын, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерін өз беттерімен анықтайды.
|
|
Сабақтың ортасы
(15 мин)
(5 мин)
(5 мин)
|
Бейнежазбамен жұмыс. Бейнежазба көрсетілер алдындамұғалім оқушыларды 5 топқа бөледі.
Тапсырма:
Бейнежазбаны мұқият тыңдап шығып, ұсынылған кезең бойынша менталды картаны құрыңыз.
1 топ – 1949 – 1952 жж. кезеңді зерттейді.
2 топ - 1953 – 1957 жж. кезеңді зерттейді.
3 топ – 1958 -1960 жж. кезеңді зерттейді.
4 топ – 1961 -1965 жж. кезеңді зерттейді.
5 топ – 1966 -1976 жж. кезеңді зерттейді.
Дескрипторлар:
Зерттелетін кезеңнің кем дегенде 2 негізгі тарихи оқиғасын анықтайды.
Өзінің көзқарасын дәлелдеу үшін дәйектер келтіре алады
|