Сабақтың тақырыбы: Бірінші сыныпта адамның бет-әлпеті туралы не білдің?



бет20/30
Дата08.02.2022
өлшемі12,76 Mb.
#121862
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
көркем еңбек қмж
көркем еңбек қмж
Қолдану
Практикалық жұмыс
Талдау

  • Графика дегеніміз не?

  • График суретші қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланады?

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Сергіту сәті
2 минут

Сергіту сәті "Күміс құмған-ай"


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут

Синтез
"Таңда да таста" әдісі
https://www.akavideos.com/watch?v=RAo-zw5U8gQ



"Таңда да таста" әдісі

Бағалау

5 минут
Кері байланыс


3 минут

«Жетістік» баспалдағы.


Кері байланыс парағы.«Жетістік» баспалдағы.

Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау.

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс

Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?




САБАҚ:
Сұлба дегеніміз не?

Күні:
Пәні: көркем еңбек

СЫНЫП: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)

2.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін белгілі дерек көздерінен ақпараттар жинау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут



Топқа бөлу 2 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.

Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.


(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Сұлбалар. “Бейнелеу өнері” сабағында өткен“сұлба” терминін еске түсіріңіз. Сұлба — ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі. Суретке назар аударыңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз: “Қай суретте Эвриканың бейнесі салынған?” (Шаш және киім үлгісі бойынша.) Әрбір сұлбаға назар аударыңыз. Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма деп нақтылаңыз (билейді, бокспен шұғылданады, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр). “Бұған қандай дене мүшелері қатысады?” (Аяқ және қол қимылы, бас бұру, дене иілуі.) Оқушыларға бұл қимылдарды қайталауын ұсыныңыз. Ойын ойнатуға болады: оқушылар кезекпен шығып кез келген мамандыққа немесе спорт түріне сәйкес келетін дене қалпын көрсетеді, ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы керек. Аяқтау үшін тағы да дене мүшелерін атап өтіңіз: бас, мойын, тұлға, қол, аяқ.
Қол. Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарап және жұппен оның бөліктерін анықтап көруін ұсыныңыз. Сосын әр бөліктің атын білу үшін оқулықтағы суретке назар аударыңыз. Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығуды ұсынуға болады. Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алатынын айтыңыз.
Аяқ. Оқушылардың назарын буындардың қозғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына ауда­ рыңыз. Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айтыңыз. Оқулықтағы аяқтың барлық бөліктері (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсетілген суретке назар аударыңыз­.
Аяқтың осы бөліктерін нығайту үшін бірқатар дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады. Санға: отырып-тұру және алға қарай ұмтылу. Жіліншікке: жүгіру және аяқ ұшымен жүру. Табанға: аяқ басын айналдыру. Орындау барысында аяқтың тап сол бөліктеріне қалай күш түсетініне және қалай жұмыс істейтініне назар аударуын сұраңыз.
Зерттейік. Сыныпты алты-жеті оқушыдан тұратын топтарға бөліңіз.Әр топқа оқушының бойы толығымен сыятын ұзындықтағы­ қағаздан таратып беріңіз.Қағазды жайып қоятын орынды таңдап алу қажет. Оқушылардың біреуі қағазға жатады. Оған қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндіріңіз. Екінші оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Топтың қалған оқушылары үздіксіз сызық шығу үшін маркерді бір-біріне береді. Дайын болған сұлбаны қиып алып, қабырғаға іліп және жанына дене мүшелері жазылған кестелерді жапсырып қоюға болады.Біздің денеміздің қызметі. Оқушыларға әр дене мүшесінің атқаратын қызметін анықтауды ұсыныңыз. Белгілі уақыттан кейін оқушылар ол туралы қысқаша хабарлама дайындай алады. Топтың бір мүшесіне белгілі дене мүшесінің мүмкіндіктерін көрсетуін ұсыныңыз: қол-аяқты сермеу, аяқты бүгу-жазу, басты айналдыру және т.б. Қалғандары бақылау негізінде қорытынды жасай алады.Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасаңыз. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өзінің қызметін атқарады деген қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің болатын/болмайтынын сұраңыз. Егер сыныпта мүмкіндігі шектеулі оқушылар болса, барынша әдепті және мұқият болыңыз. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріңіз.Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдар жайлы айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде қазақстандық Қабира Асқарова және Александр Колядин туралы айтыңыз. Бұл адамдар мақсатқа жетуде батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын айтып өтіңіз.





«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.


Постер жасату.
Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.

Сергіту сәті
2 минут

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»


Видео
жазбадағы би

Аяқталуы 20 минут

Сен білесің бе?
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет