Психологиялық ахуал қалыптастыру: Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне тілектерін айтысады. Мұғалім : Балалар! Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! Оқушылар : (артқа бұрылып) Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, Сәлембердік сіздерге, құрметпенен біз!
Үй тапсырма-сын тексеру
Жана сабақ 10 мин
Өткен сабақты еске түсіру 1-жаттығу. Суреттердің көмегімен сөзжұмбақты тап
2-жаттығу. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер мен өлең шумақтарын тауып жаз.
3-жаттығу. Осы тақырыптың мазмұнын ашатын шағын мәтін жаз. Мәтіндегі сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
4-жаттығу. Өзіңе ұнайтын спорт түрлерінің тізімін жаса. Оны сыныптастарыңа көрсетіп, бағала.
Оқулық
Ортасы 10 минут
Ойды шынықтыруға тапсырма. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыру. А) Әсел, айтады, ән, Отан туралы. Ә) Болат, тартады, домбыра. Б) Концерт, қоясыңдар, ма, сендер. В) Қандай, керемет, даусы. Карточкамен жұмыс: орамал, құлақшын,қамзол сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
.
Сергіту сәті 2 минут
Сергіту сәті "Қызыл гүлім - ай"
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут
«Тез ойлан!» ойыны. Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отырып калады, сұрақ белгісі болса қол соғады, ал леп белгісі болса аяқты еденге ұрады. Бәйтеректің басына сен шықтың ба? Ыстық қой, шіркін, туған жер! Алақай, мен Астанаға баратын болдым! Райхан апай көйлек тікті.