Сабақтың тақырыбы: Біздің өлкенің жануарлар әлемі Сабақтың мақсаты



Дата03.02.2020
өлшемі30,95 Kb.
#57109
түріСабақ
Байланысты:
жар фак3

Күні:01.10.2019ж

Пәні: жаратылыстану (фак)

Сынып:4 «а,ә»

Сабақтың тақырыбы: Біздің өлкенің жануарлар әлемі

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары туралы мағұлмат беру; балаларды қызығушылығын арттыру, өз отандарын сүйуге,қастерлеуге, өз тілін құрметтеуге дамыту.

Сабақтың түріЖаңа сабақ
Сабақтың типі : Интерактивті

Көрнекілігі: 1) Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Амансың ба Алтын күн?

Амансың ба Көк аспан?

Амансың ба достарым?

Сендерді көрсем қуанам!

Бүгін "Жануарлар әлемі" тақырыбымен танысамыз.

- Балалар, сендердің жануарлар туралы білгілерің келе ме?

Ендеше жұмбақтар шешейік

1.Тарғыл-тарғыл тас па,

.Тастан бірақ басқа

Мекені қамыста, 2. Қорықпайды күшті аңнан,

Бұл саған таныс па? Қорқады тек тышқаннан

3.Есек құлақты, 4. Айбарлы түрі бар,

Мысық аяқты. Қанжардай тісі бар,

Түйе ерінді, Тұла бойында

Ешкі құйрықты. Тасыған күші бар

Күжірейген жалды.

Білсең айт бұл аңды.

5.Халық «қу» деп, 6. Кезікті бір жануар,

Қылған күлкі Үстінде екі тауы бар.

Айласы көп

Бұл не?


7.Еріксе,құйрығымен ойнайды, 8.Бейқам елді іздейді,

Зеріксе,ұйқыға тоймайды Малдан күдер үзбейді..    

9.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.                     

Суреттегі жануарларды атату.

 –Балалар біздің елімізде қандай жануар түрлері бар? Қазақстан жерінде сүтқоректілердің - 180, құстың - 500, бауырымен жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады.



Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала белдемінде бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары – аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан – дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақ бөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады. Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда еуропалық қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бірнеше түрі кездеседі. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 – 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бұл белдемде құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетін үстірт арқары жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні – қарақал кездеседі. Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі – жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана тіршілік ететін бес башайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмырбас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңтүстігіндегі кейбір жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетін, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, т.б. кездеседі.


Сергіту сәті

Ауыл маңы саз,саз,саз.

Жайылады қаз,қаз,қаз.

Жем шашсаң мәз, мәз, мәз.

Тоймай қалса қаз, қаз, қаз.

Шашқан дәнің аз, аз, аз.



Дәптермен жұмыс

Дәптерге жануарлардың суреттерін салдыру.

«Жануарларды тап» ойынын ойнату.

Өсімдіктер мен жануарлардың ішінен жануарлар кездескенде қол шапалақтау.



Сабақты бекіту, жүзім ағашынан сұрақтарға жауап беріп отырып, жүзімдерді жинау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет