Бұлшықеттің құрылысы мен маңызы
Күні: 09,12,2015
|
Сыныбы: 8 «а»
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бұлшықеттің құрылысы мен маңызы
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қасиеттері туралы білімдерін тереңдету; адамның қаңқа бұлшық еттерінің құрлысымен қызыметіндегі ерекшеліктерді анықтау. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары туралы түсінік беру.Топтық жұмыс арқылы бірлесіп білім алуға жағдай жасау.Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Оқу нәтижелері:
|
Оқушылар бұлшықеттің маңызын , құрылысын зерттеп білудің маңыздылығын түйсінеді;
Курстың мақсаты мен бағдарлама құрылымымен танысады;
Өз бетімен және топтық жұмыс арқылы сыни ойлауға дағдыланады.
Шығармашылық ізденіске талпынады.
|
Әдіс-тәсілдер:
|
диалогтық оқыту, әдісі бойынша топтық жұмыс, сыни ойлау, жеке шығармашылық жұмыс, мәтінмен, ақпарат құралдарымен жұмыс.
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру:
|
Оқушылардың қатысын тексеру.
1. Шаттық шеңбері. «Амандасу» тренингі. 1 минут
2. Топқа бөлу.
І топ: Бассүйек
ІІ топ: Тұлға қаңқасы
ІІІ топ.Иық белдеуі және қол бассүйектері
|
Оқушылар таңдаған суреттер бойынша топқа бірігеді.
|
|
1.Үй тапсырмасын сұрау
І-топ Сұрақ-жауап
Т ірек қимыл мүшелер жүйесіне жатады
Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні мөлшері жағынан нешеге бөлінеді оларды ата?
Ұзын сүйектерге жатады
Қысқа сүйектерге жатады
Жалпақ сүйектерге жатады
Тұлға қаңқасын құрайды
Адам омыртқа жотасы ата
Бассүйек қандай бөлімдерден тұрады
Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері
Қол қаңқасы мен аяқ қаңқасын ата
Жауаптары
Қаңқа және бұлшықет
Үшке ұзын,қысқа және жалпақ сүйектер ,
Қол аяқты құрайтын жілікті сүйектер,
Омыртқа,алақан табан саусақ сүйектері,
Жауырын бас сүйек,қабырға ,төс,жамбас сүйектер
Омыртқа жотасы мен қабырғалар, төс сүйектен
Мойын омыртқа,арқа омыртқа, бел омыртқа,сегізкөз омыртқа,құйымшақ омыртқа
Ми сауыты мен бет бөлімінен
Еңбегін айтады
Иық белдеу мен қол сүйектері,ортан жілік,асықты жілік, шыбық сүйек,толарсақ,аяқ ұшы.башпай сүйектері
ІІ-топқа тапсырма Сандар сөйледі
Адам қаңқасы 200
Адам омыртқасының саны 33-34,7-мойын омыртқа ,
12-арқа омыртқа,5-бел омыртқа,5-сегізкөз омыртқа,
4-5 –құйымшақ
3 .адам омыртқа жотасының иілімдері 18-20 жаста қалыптасады
4.Нәресте сүйегі 2-жаста қалыптасады
5.Қол бас сүйегінің білезігінде 2 қатар орналасқан 8 сүйек,
алақанда -5,саусақта -14 сүйек болады
6.Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады
7.Сүйек құрамында -50 пайыз су
8.12,5 пайыз нәруыз тектес ағзалық зат-оссеинболады
9.21,8 пайыз минералды заттар (калций фосфаты)болады
10. 15,7 пайыз май болады
ІІІ-топ Берілген сүйектерге “+” белгісін тиісті бағанаға қойыңыздар
Р/с
|
Сүйектер
|
Бас сүйектері
|
Иық белдеуі, қол сүйектері
|
Жамбас белдеуі, аяқ сүйектері
|
1
|
Бұғана
|
|
+
|
|
2
|
Шыбық(садақ) сүйек
|
|
|
+
|
3
|
Шүйде сүйегі
|
+
|
|
|
4
|
Ортан жілік
|
|
|
+
|
5
|
Шынтақ сүйегі
|
|
+
|
|
6
|
Жауырын
|
|
+
|
|
7
|
Асықты жілік
|
|
|
+
|
8
|
Тоқпан жілік
|
|
+
|
|
9
|
Толарсақ сүйектері
|
|
|
+
|
10
|
Білезік сүйектері
|
|
+
|
|
11
|
Жамбас сүйектері
|
|
|
+
|
12
|
Башпай сүйектері
|
|
|
+
|
13
|
Саусақ сүйектері
|
|
+
|
|
1)Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі?
Жауап қозғалу
2)Омыртқа бағанының иілімі бөлінеді? Жауап 4
3) Қаңқа және бұлшықет бір-бірімен қандай ұлпа арқылы байланысқан.жауап дәнекер
Түсініктеме
Берілген тестің тұсында фигуралар берілген, қай жауабы дұрыс деп тапсаң, соның қасындағы фигураны басасың. Егер дұрыс болса
Осындай белгі шығады.
1.Жүрек пен өкпені қандай сүйектер қорғайды? a) жамбас b) кеуде c) Аяқ сүйектері
2)Құрсақ қуысындағы мүшелер ? a) Жамбас белдеуі
b)Кеуде қуыс c) Қол сүйектері
3)Жауырын ,бас сүйек ,қабырға,төс,жамбас сүйектері қандай сүйектерге жатады a) жалпақ b)қысқа c) ұзын
4 Тұлғаның негізгі тірегі а Жамбас b) Құрсақ с Омыртқа жотасы
5)Омыртқа ,алқан,табан сүйектері қандай сүйектерге жатады ?
a) ұзын b) қысқа c) жалпақ
6 адамдағы қабырға саны a) 12 жұп b) 8 жұп с) 6 жұп
7) Сегізкөз қай омыртқаға жалғасады?a) арқаға b) жауырынға
c) белге
8.Адам денесіндегі буын саны a) 230 b) 200 c) 600
9) Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі
байланысады.Олар атқаратын қызметіне қарай
нешеге бөлінеді? a) 8 b) 4 c) 3
10) Морт сынғанды қалай атаймыз? a) Буынның шығуы
b)ашық сыну c) Сіңірдің созылуы
Қызықты мәліметтер
Адам денесіндегі барлық сүйектердің жартысынан астамы дерлік табан мен білекте орналасқан.
Адам баласы әрбір саусағын өмір бойында 25 миллион рет бүгеді.
Адам туылғанда тізесіндегі кесесі болмайды, ол 2-6 жас аралығында пайда болады.
Ересектерге қарағанда сәбилер көп сүйекпен туылады. Кейін кейбір сүйектер бітісіп кетеді. Бірақ жаңа туылған сәбилерде болмайтын нәрсе бар. Ол – тобық. Ол тек 2 - 6 жастарда пайда болады.
Біздің денеміздің көп бөліктерінің үштен бірі судан тұрады, ал сүйектер тек бестен бір бөлігін ғана құрайды.
Бас сүйекте 22 сүйек бар, оның 14-і бет және 8-і бас ми сүйегі.
Ең ұсақ сүйектер – құлақтағы ұсақ үш сүйек.
Ең ұзын сүйек – бүкіл дененің төрттен бір бөлігін құрайтын сан сүйегі.
Ең жалпақ сүйек – жамбас сүйек.
Көптеген адамдарда 12 жұп қабырға бар, тек 500 адамның бірінде ғана 11 немесе 13 жұп қабырға болады.
|
Жаңа тақырып бойынша іскерлік білік- дағдыларын дамыту:
|
Дәрісті мұқият тыңдайды.
Мәліметтерді талдауға қатысады.
|
|
тақырыптық презентациялар
|
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы.
Бұлшық ет: Кеңістіктегі қозғалысын басқарып,тепе-теңдіті сақтайды,әр түрлі қозғалысты пайда етеді,ішкі мүшелердің барлық жұмыстарын,ас қорыту,қан айналу,зәр шығару,ішкі секреция бездерінің жұмыс істеуіне көмектеседі,жұтыну,дауыстың шығуы,көздің қозғалуы,жоғарғы жақ қозғалысын басқарады,суйектермен бірлесіп,денеге пішін беріп,ьік ұстап тұрады,кеуде қуысын құрайтын қабырға аралық бұлшық еттер көк ет, тыныс алуды басқарады.
І топ: Бұлшық еттердің маңызы
ІІ топ: Бұлшық еттің құрылысы
ІІІ топ: Бұлшық еттердің негізгі топтары
. А. Кім жылдам? 3 минут
Актин ақуызы-ашық түсті жолақтарда ма,әлде күлгін түсті жолақтарда ма?(ашық)
Адам ағзасындағы бұлшық еттің саны қанша?(600)
Бетке бейне бір өзгеріс беретін бұлшықеттер.(мимика)
Қабырға аралық бұлшықеттер қандай бұлшықеттер?(бірыңғай)
Кеуде мен құрсақ бөлімді бөліп тұрған қандай бұлшық ет?(диафрагма)
Бұлшықеттің ең басты қасиеті не болып табылады?(жиырылғыштық)
Бұлшықеттке ең басты заттар не арқылы келеді?(қызыл қан тамырлыры арқылы)
Қышқыл керексіз заттар ет талшықтарынан не арқылы шығады?(көктамыр)
Бұлшықет талшықтары не деп аталады?(миофибрилла)
Ұршық тәрізді бұлшықет ұлпасы қандай бұлшықеттерге тән?(бірыңғай салалы)
Адам денесіндегі ең үлкен бұлшықет қандай?(тігінші).
|
Операциялық-орындаушылық кезең
|
Оқушыларға топ бойынша үй жұмыстарын қорғауға мүмкіндік береді.
Жеке жұмысқа арналған тапсырма :
сұрақтар бойынша тест тапсырмалары беріледі
|
.
Тест тапсырмаларына жауап береді.
Бірін-бірі тексереді
|
Оқушылардың презентац иялары, фотосуреттер.
Тест тапсырмалары
|
Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
|
Кері байланыс: Алған білімім болашақта қажет .
Алған білімімді жинақтап, қорытамын, електен өткіземін.
Алған білімімді қажет етпеймін.
|
Оқушылар рефлексия
|
|
Үйге тапсырма беру:
|
Келесі сабаққа қажетті дайындап келуді тапсыру. : Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Деңгейлік сұрақтар,тест құрастыру
|
Интернет және қосымша әдебиеттер көмегімен суреттер, мәліметтер жинайды. Презентациялар дайындайды.
|
Мультимедиялық құрылғы
|
Достарыңызбен бөлісу: |