Сабақтың тақырыбы: Д. Дэфо «РобинзонКрузо»



бет21/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,47 Mb.
#7347
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Ағылшын жазушысы, публицист Даниэль Дефо 1660 жылы Лондонда дүниеге келеді. Оның ата – бабаларының фамилиясы Фоболған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Өзінің алғашқы шығармаларынан бастап, Дефо буржуазиялық өкіметке қарсы болды. Ол герцог Монмауттың Яков ІІ ге қарсы көтерілісіне қатысты. 1688 - 1689 ж. ж. мемлекеттік төңкерісті жақтады. Өзінің саяси көзқарасы үшін Дефо абақтыда да отырды.

1731 ж. 26 сәуірде кредиторлардан қашып жүрген кезде семьясынан алыс жерде қайтыс болды. Дефо өз заманының саяси өмірі, экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, дінифанатизмді әшкереледі. Дегенмен, Дефо көптеген шығармаларында буржуазиялық құрылыстың нығаюын, сауда-саттықтың дамуын қуаттады («Жобалардың тәжірибесі», 1697 ж.).

Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүниежүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды.


Бүгінгі танысатын шығармамыз «Робинзон Крузо»

Қысқаша мазмұнын мұғалімнің түсіндіруі


«Робинзон Крузо» романы 1719 ж. Лондонның әдеби өмірінде бір ғажап оқиға болды: дүкендерге Даниель Дефоның «Робинзонның өмірі және таңғажайып хикаялары» атты романы түсті. Кітаптың құны ер адамның костюмі немесе жылқының жарты бағасымен бірдей болса да, оны тез арадасатып алды. Сол кезден үш ғасыр өтсе де, Робинзонның тарихы әлі күнге дейін оқырмандарды қызықтырады. Ал Робинзонның таңғажайып тарихының реалдық деректі негізі бар екенін көп адамдар біле бермейді.
Даниэль Дефоныңең жақсы романының жазылуына себеп болған шотландық моряк Александр Селькирктің өмірінде болған оқиға.
Жастайынан теңізді сүюші Александр Селькирк қарақшылардың кемелерінде матрос болып жүрген. 1704 ж. қазан айында Селькирк капитанмен ұрысып, Мас - а – Тьерра аралында қалады. Сол аралда Селькирк 4 жыл 4 ай тұруға мәжбүр болады. Дефоның кейіпкері аралда 28 жыл өмір сүрді.

ІІІ. Шығармаға жоспар құрғызу( Шашыраңқы жоспар)


1. Кеменің қатты дауылға кездесіп, апатқа ұшырауы.


2. Аралға ат қоюы.
3. Кемеден нәрселерді тасуы.
4. Орманды аралау және уақыт белгілеу.
5. Өзіне қолайлы жерге күрке орнатты.
6. Егін салумен айналысуы.
7. Кемеге алаң болуы

ІV. Сөздікпен жұмыс.


Сал – ағаштан байланыстыра жасалған жүзу құралы.
Мұқтаждық - қажеттілік.
Қайла – жер қазатын аспап.
Мұқатып – жүзін қайырып.
Астау – аузы кең үлкен ыдыс.
Құдды - тәрізді.
Нана қою - сену.
Кендір – кендір өсімдігінен есілген жіп.
Қуаңшылық - құрғақшылық.
Күллі–бүкіл

V. Топтық жұмыс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет