Сабақтың тақырыбы: Д. Исабеков «Ата үміті»



бет1/3
Дата05.02.2022
өлшемі116,47 Kb.
#23129
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:27.04.2013ж.

Әдебиет

6-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Д.Исабеков «Ата үміті» 1-сағаты

Жалпы мақсат:

Дулат Исабековтің шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру. «Ата үміті» шығармасын түсіну, талдау.

Сілтеме:

1.МАН
2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Б.Әpiнoва, А.Аққұлова
3.6-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:К.Icламжанұлы, C.Тiлешoва, Б.Әpiнoва, P.Баттал

Күтілетін нәтиже:

«Ата үміті» шығармасының мазмұнын біледі. Әңгіме мазмұны бойынша жоспар құрады, тарихи кезеңін анықтайды.

Негізгі идеялар:

Шығарма мазмұнымен таныса отырып, ұрлықтан, арамдықтың жақсылыққа жеткізбейтінін біледі. Қазақ даласында болған оқиғаларға тарихи тұрғыдан көз жібереді. Адалдық –ардың ісі екенін түсінеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Үлестірмелі материалдар
Дулат Исабеков өмірі мен шығармашылығы туралы үлестірмелі материалдар
2.Постер, маркер



Оқыту әдістері:

Оқытудағы жаңа әдістер
АКТ
СТО
Дарынды және талантты балалармен жұмыс
Көшбасшылық
Жас ерекшелігіне сай оқыту

1.Диалогтік оқыту
2.Жеке жұмыс
3.Топтық жұмыс



Дереккөздер:

Ғаламтор материалдары «Рефераттар сайты», «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Тапсырмалар:

  1. Ой шақыру үшін берілген тапсырма:

а/ ашық сұрақтар
ә/ Дулат Исабеков шығармашылығы туралы қосымша мәліметтер

  1. Тақырыпты ашу мақсатына берілетін тапсырма:

а/ шығарма мазмұнын бөлімдер бойынша оқу;
ә/ топтық жұмыс арқылы әңгімелеу;
б/ композияциялық құрылымына талдау

  1. Ойды қорытындылау үшін берілетін тапсырма:

а/ «Адамгершілік» сөзіне ассоциация құру.
ә/ ашық сұрақтар.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті






Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3мин)

Адамгершілік тақырыбында жазылған мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.

Топқа бөлінеді, әр топ өз мақалының мағынасын ашады.

ІІ.Қызығушылықты ояту (7мин)

Ой шақыру үшін берілген тапсырма.
Ашық сұрақтар
1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?
2.Өмірде адамгершіл болудың маңызы бар ма? Неге?
3.Сенің бойыңда қандай адами қасиеттер бар деп ойлайсың?
Осылай тақырып анықталғаннан кейін әңгіме авторы туралы үлестірме кәртішкелер беріліп, қосымша мәліметтермен таныстыру, слайд көрсету.

Берілген сұраққа жеке жауап береді.

Материалды топта оқып танысады, қорғайды.



ІІІ.Мағынаны тану (20мин)

1.Жеке жұмыс
Әр топқа әңгімеден үзінділер бөліп беру, әр оқушы мазмұнымен танысады.
2.Топтық жұмыс
Топ болып оқығандарын ортаға салады. Топтағы бір адам басқа топтарға әңгімелеп береді.
3.Барлық топ пікірі тыңдалғаннан кейін композициялық құрылымын анықтайды.

Сәйкесінше, шығарма мазмұнын оқу, топта әңгімелеу.

Композициялық құрылымын айтады.



ІV.Қорытындылау (5мин)

1.«Адамгершілік» сөзіне әр топ ассоциация жасау.
2.Ашық сұрақтар:
- Әңгіме неліктен «Ата үміті» деп аталған?
-Омаш кім? Неге?
-Атасы неліктен Омашпен бірлесіп жұмыс жасауға көнді?

Топ мүшелері ақылдасып, ортада өз пікірлерін қорғайды.

Сұрақтарға жеке жауап береді.



V.Үйге тапсырма (2мин)

1.Шығарманың көркемдік тіліне талдау жасауға дайындалу.
2.«Дермене» шөбі туралы қосымша мәліметтер іздеу, слайд жасау.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.

VІ.Бағалау (5мин)

1/ Топтық бағалау

Бағалау парағындағы ұпай саны бойынша бағаланады.

VІІ.Рефлексия (3мин)

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет