Пәні: Әдебиет
|
Сыныбы: 6-сынып Пән мұғалімі: Әнесова Қ.К.
|
Сабақтың тақырыбы
|
Д.Исабеков. «Ата үміті». Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесі. (2-сағат)
|
Жалпы мақсаты
|
1.Әңгіменің идеясын аша отырып, кейіпкерлер мінезіне талдау жасау, сұрақ, тапсырма,
ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен , жаңа технологиялық үрдістерге
сай орындай білуге дағдылану.
2.Адамгершілік, бауырмалдық, ізгілік , мейірімдік қасиеттерді бойларына
дарыта білу.Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білу.
3. Өз ойын , пікірін сенімді әрі дәлелді , тұжырымды жеткізе білуге дағдылану,
ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.
|
Сілтеме
|
Оқулық . «Атамұра» баспасы. 6-сынып. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы,иинтернет материалдары . Мақал-мәтелдер жинағы т.б
|
Оқу нәтижесі
|
Әңгімені талдай отырып, адам бойындағы әр түрлі қасиеттерді ажырата біледі.
Адамгершілік, парасаттылық, ынтымақтық сияқты жақсы қасиеттерді қабылдап, екіжүзділік, өркөкіректік сияқты жаман қасиеттерден өз бойларын аулақ ұстауға тырысады.
|
Негізгі идеялар
|
« Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» немесе адамдарда болатын түрлі қасиеттерді анықтау. Оқығандары бойынша қорытынды шығару, материалды жүйелеу, пікірін білдіру.
|
Сабақта қолданылатын материалдар
|
Интерактивті тақта, стикер, маркер т.б.
|
Оқыту әдістері
|
Модуль: АКТ-ны пайдалану. СТО.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Топтық жұмыс
|
Тапсырмалар
|
«Ойашар» , «Ой қозғау» , « Мағынаны тану» ,«РАФТ» ст ратегиясы,
тест т.б
|
Уақы-ты
|
Сабақты ұйымдастыру түрі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс –әрекеті
|
Дескрипторлар
|
Ұпай
саны
|
3 мин
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Топтарға бөлу.
|
Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады
|
|
|
7 мин
|
Қызығушылықты ояту.
1.« Ойашар»
2.«Ой қозғау»
(Білу)
|
1.«Пайда ойлама, арды ойла»
сөзінің мағынасын аштыру
2.Өткен сабақта алған білімдерін топтарға берілген тапсырмалар арқылы пысықтату.
|
1.Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында берілген тапсырма төңірегінде ой өрбітеді.
2.Оқушылар тапсырмаларға жауап бере отырып,әңгіменің тақырыбын, идеясын аша алады.
1-топ. Жазушының өмірбаяны
2-топ. Жазушының шығармалары
3-топ. Әңгіменің тақырыбы мен идеясы
|
1.Жазушы туралы мәліметтер біледі.
2.Әңгіменің тақырыбы мен идеясын аша алады.
3. Өз ойларын жеткізе алады.
|
1
1
1
|
8 мин
|
Жаңа сабақ
«Мағынаны тану»
(Түсіну)
|
«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы бойынша кестені толтырту арқылы кейіпкерлер мінезіне талдау жасатады.
|
Берілген тапсырма бойынша талдау жасайды, кестені толтырады.
|
Кейіпкерлердің мінез-құлықтары- на талдау жасай алады.
|
3
|
2 мин
|
Сергіту
|
«Мақалды жалғастыр» ойынын ойнату
|
Мақалдардың сыңарын табады.
|
Мақалдардың сыңарын таба біледі
|
1
|
8 мин
|
«РАФТ»
(Қолдану)
|
«Адалдықтың ақ жібі» тақырыбына ойтолғау жаздырады.
|
Берілген тақырыпқа ойтолғау жазады.
|
Ойтолғауды тақырыпқа сай жаза алады.
|
3
|
5 мин
|
Әдебиет
Теориясы
(Талдау)
|
Әңгіме бойынша әдебиет теориясынан білімдерін тексереді.
|
Оқушылар тапсырмаларға жауап бере отырып, әдебиет теориясынан білімдерін толықтырады.
1-топ. Кейіпкер, теңеу
2-топ. Портрет, тақырып
3-топ. Эпитет, идея
|
Әдебиет теориясын толық біледі.Әңгімеден
мысал келтіреді.
|
3
|
5 мин
|
Тест
(Жинақтау)
|
Әңгіме негізінде тест орындату.
|
Оқушылар берілген тестті орындап, дұрыстығын тексеріп шығады.
|
Әңгіме туралы алған мәліметтерді өте жақсы меңгерген
|
3
|
3 мин
|
Қорытындылау
(Бағалау)
|
«Біз нені білдік?»
Оқушылар пікірін тыңдайды.
|
Әңгіменің тәрбиелік мәнін айтып бере алады.
|
Тақырып бойынша қорытынды жасай алады, қорғайды
|
4
|
2 мин
|
Бағалау
|
Бағалау критерийлері бойынша баға қояды.
|
Оқушылар бағалау критерийлерін пайдалана отырып,
бірін- бірі бағалайды.
|
|
|
1 мин
|
Үйге тапсырма
|
«Адамгершілік- асыл қасиет» тақырыбына шығарма жазуды тапсырады.
|
Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
|
|
|
1 мин
|
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін стикерге жаздырады.
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазады.
|
|
|