Сабақтың тақырыбы: Деформация. Гук заңы. Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата04.05.2017
өлшемі0,91 Mb.
#15603
түріСабақ
1   2   3

Белбасар ауылы


Досанова Анаргүл Хожакулқызы

14.11.1990 ж. d.gul_11@mail.ru

8702 319 11 79

8776 688 27 87

Жамбыл облысы Шу ауданы

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп

Физика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Деформация. Гук заңы.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өтілген сабақ материалдарын еске түсіре отырып, деформация ұғымымен, оның түрлерімен танысып, Гук заңын тұжырымдау

Дамытушылық:Оқушылардың эксперименттік жұмыстар жүргізіп, қорытынды жасау арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік:күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушыларды физика тілінде сөйлеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Пәнаралық байланыс:қазақстан тарихы, математика, бейнелеуөнері

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, түгендеймін. Сабаққа деген позитивті көңіл-күй туғызамын

Үй тапсырмасын сұрау

«Суреттер сөйлейді»



Ауырлық күші



Үйкеліс күші: домалау үйкелісі



Үйкеліс күші: сырғанауүйкелісі






Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші



Архимед күші



«Тәжірибелер мәні»

Ал балалар, бұлбөлімде біз келесі құралдарды пайдалана о тырып тәжірибе жүргізуіміз керек. Осы тәжірибелер қорытындысы бойынша өткен сабақтарды қалай меңгергендеріңдіанықтайық.



Құрал жабдықтар: суы бар стакан, ағаш, тұз, май, пипетка

Судың тығыздығы: 1000 кг/м3

1.Суға алдымен ағаш бөлігін салып көреміз, ағаш су түбіне батпайды, өйткені ағаш тығыздығы судан әлдеқайда төмен. (ағаштыкы 400 кг/м3)

2. Май тамшысын суға тамызамыз. Су түбіне май батпайды, бетінде қалқып тұрады. (Майдыкы 930 кг/м3 )

3. Тұз түйіршігін суға тамызамыз. Су түбіне тұз батады, себебі тұз тығыздығы 930 2200 кг/м3

«Сиқырлы сандық»

Есептің жауаптары дұрыс шықса, сандықтан сыйлықтар шығады.







А-деңгейі

Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?



В-деңгейі

Бөлменің өлшемі ұзындығы 4 м, ені 2,5 м, биіктігі 2 м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы 1,3 кг/м3 болса, ондабөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қандай?



С-деңгейі

Табанының ауданы 0,4*0,2 м, тікбұрышты параллелепипед түріндегі аквариум 0,15 м биіктігіне дейін сумен толтырылған. Аквариумдегі судың көлемін анықтаңыз. Осы судың массасы қандай? Судың тығыздығы 1000 кг/м3




Сандықтан пластилин, шар, кнопкалы қаламсап, қатаңдығы әр түрлі серіппе шығады

«Эксперименттер сыры»

Пружинаға, шарға, пластилинге күш түсіріп әсер еткенімізде олардың пішіні және өлшемдері өзгереді. Ал физикада мұндай құбылысты деформация деп атайды.



Әр түрлі қатаңдықтағы пружиналарға жүктер ілу арқылы алдымен Серпімділік күші пружинаның қатаңдығына одан соң серіппенің ұзаруына тәуелді екеніне көз жеткізу.


  1. Әр түрлі қатаңдықтағы серіппені пайдаланып, жүктер іліп немесе қолмен созу арқылы оның серпімділік күші серіппенің қатаңдығына және серіппенің ұзаруына тәуелді екендігіне көз жеткіземіз.








2. Созылатын жіп аламыз. Оның бір ұшын штативке екінші ұшына жүк байлаймыз.

Жүк байламас бұрын созылмалы жіптің ұзындығын өлшеп аламыз. Жүк байлаған соң өлшеп, өлшемдерін жазып аламыз.



3. Шарды саусақпен басып қайта жібереміз, пластилинді де осылай жасаймыз. Шарға сырттан әрекет ететін күшті тоқтатсақ, бастапқы қалпына қайта оралады. Ал пластилинге әрекет ететін күшті тоқтатсақ, ол бастапқы қалпына келмейді. Күш әрекет еткен кезде енген пішінін сақтайды. Бұдан мынадай қорытынды шығады.


Деформация

Пластикалық

Серпімді

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін өзінің бастапқы пішіні менн өлшемін өзгертетін деформация түрі.: пластилин, доп


Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін деформация түрі.: шар, пружина



Сабақты бекіту
«Ой қозғау»
Егер сендер Гуктың орнында болсаңдар, осы

тәжірибелерден қандай тұжырымдама шығарар едіңдер?



Мына суреттердегі деформация түрлерін түсіндіріңдер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет