«Ойлан, жұптас, бөліс» (тәжірибелік тапсырма)
Денелердің электрлену құбылысын тәжірибе жүзінде анықта.
Құрал-жабдықтар: қағаз қиындылары, қалам, шар, жібек мата, пластмасса сызғыш, қағаз, тарақ және т.б.
Берілген құралдарды пайдаланып денелерді электрлендіруді тәжірибе жүзінде көрсетіңіз және тәжірибе барысын түсіндіріңіз.
Құрғақ бөлмеде үрленген шарды малақайға үйкелеп, терезенің шынысына жақындат. Не байқайсың? Жауабын түсіндіріңдер.
Пластмасса сызғышты құрғақ қағазға үйкеп электрлеңдер. Тәжірибе жүзінде сызғыштың электрленгенін дәлелдеңдер.
Пластмасса тарақты құрғақ жүнге үйкеп электрлеңдер. Тәжірибе жүзінде тарақтың электрленгенін дәлелдеңдер.
«Электроскоп» Электроскопқа қажетті құрал-жабдықтар: мыс сым, фольга, литрлік банка,капрон қақпақ,жүн, пластмасс қалам.Оқушылар екі электроскоп тілшесінің қозғалатынын қөрсетеді.Тарақтағы теріс заряд мыс сым арқылы екі фольга тілшелерге беріледі олар аттас зарядтар екі жаққа тебіледі. Осыны оқушылар тәжірибе жүзінде көрсетеді. Индукция арқылы зарядтауды тәжірибе жүзінде көрсетіңдер