Электрлену екі дененің өзара...нәтижесінде туындайды. Электроскоп – … байқауға арналған аспап.
Электрометр – электр зарядын өлшеуге немесе байқауға арналған өте ... электр өлшеуіш аспап.
Құндылықтарға баулу
Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алуға топтық және жұптық жұмыс арқылы дарытамын
Пәнаралық байланыс
Математика, химия.
Алдыңғы білім
Термодинамика негіздері тарауы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
8 минут
Сабақтың ортасы
25 минут
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Бүгінгі сабағымызды мына өлең жолдарымен бастайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнінде,
Табиғаттық қозғалыстың бәрінде,
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика дүние кілті бүгінде!
Оқушылар өз атынан басталатын физикаға байланысты сөз айтады.
Топтарға бөлу. Санамақ әдісі арқылы 3топқа бөлінеді.
«Ой қозғау» интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі, оқушыларға сұрақтар қоя отырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. Оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критериийін оқушылармен жасау.
І. Топтық жұмыс. «Зерттеушілік әңгіме» әдісін қолдана отырып, жаңа тақырыпты топтарға бөліп беру және тәжірибе жасай отырып меңгеру: топ: Денелердің электрленуі. Денелерді үйкеліс арқылы электрлендіру
топ: Денелерді әсер (индукция) арқылы электрлендіру
топ: Электр заряды. Өткізгіштер мен диэлектриктер.
Оқушылар топта мәтінді оқиды, талқылайды, бір-біріне түсіндіреді. Топтасып постер жасайды. Әр топтан 2-3 оқушы шығып қорғайды және тәжірибе жасайды.
Дескрипторлар Денелердің электрленуін түсінеді және талқылайды
Электр зарядын ұғымының физикалық мағынасы түсіндіре алады
Өткізгіштер мен диэлектриктерді ажырата алады
Аттас және әр аттас зарядтарға және денелердің электрленуіне тәжірибе жасай отырып, тұжырымдай алады.