Сабақтың тақырыбы: Денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері Осы сабақта қол жеткізілетін



Дата16.02.2020
өлшемі27,91 Kb.
#58130
түріСабақ
Байланысты:
11кл гео - дене көлемдерінің қасиеттері


Ұзақ мерзімді

жоспардың тарауы: Көлем

Күні: 7.02.2020

Сынып: 11Б

Мектеп: Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Абубакирова Гульназ

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:


Денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері


Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары:

Денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері туралы мағанасын түсіну, оның ерекшеліктерін айқындай алу; Көпжақтар мен айналу денелерінің көлемдерін есептеудің негізгі қасиеттерін біле отырып, көлемді де аудан тәріздес аксиоматикалық жолмен есептеу керектігін білу.

Ойланудың деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  • Көпжақтар мен айналу денелерінің көлемдерін есептеуге арналған қасиеттерді пайдалана алады;

  • Тікбұрышты параллелипипедтің көлемін есептей алады;

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Дене көлемі

  • Тікбұрышты параллелепипед

  • Көпжақтар

  • Көлем қасиеттері

  • Табаны

  • формула


Диалог/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Көлем қасиеттерін тұжырымдаңдар ...




Құндылықтарға баулу:

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы»

Пәнаралық байланыс:

Өмірмен байланыс

Алдыңғы білім

Тікбұрышты параллелепипед көлемі

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру:

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлау;

  • Жағымды психологиялық ахуал туғызу;


Қызығушылықты ояту:

Логикалық сұрақ.

Қызы туғанда анасының жасы 26-да, ұлы туғанда 31 жаста болды. егер қазір үшеуінің жасын қосқанда 60 жас болса, әрқайсысы неше жаста?

Ж: 39-да, қызы 13-те, ұлы 8-да





Сабақтың ортасы


Жаңа сабақты түсіну:

Ментальды карта. «Көлем, денелердің көлемі»

(Денелердің көлемі туралы алғашқы түсініктерін плакатқа салу арқылы бірін-біріне түсіндіреді және ортақ ой қалыптастырады.)
Көлем жазық фигуралардың аудандары сияқты шамалардыңбірі және ол мына негізгі қасиеттеріге ие

1.       Әрбір геометриялық дененің сан мен өрнектелетін көлемі бар

2.       Тең денелердің көлемдері де тең

3.       Егер денелер ортақ нүктелері жоқ, онда көлем бөліктерінің көлемдерінің қосындысына тең



Көлемнің негізгі қасиеттері:

1.Әрбір фигураның теріс емес санмен өрнектелетін көлемі бар болады.

2. Тең фигуралардың көлемдері де тең

3.Егер фигура ортақ нүктелері жоқ бірнеше бөлікке бөлшектенсе, онда оның көлемі бөліктердің көлемдерінің қосындысына тең болады.

4. Көлемдердің өлшем бірлігі ретінде қырының ұзындығы е-ге тең кубтың көлемі алынады, ол е3 деп белгіленеді.

Теорема. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі оның үш өлшемінің көбейтіндісіне тең.

V═авс, мұндағы а, в, с –тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері.

Қыры а болатын кубтың көлемі а3-қа тең, мұндағы а – кубтың қыры.

Кавальери принципі: бізге F1 және F2 фигуралары мен α жазықтығы берілсін. Егер α жазықтығына параллель әрбір жазықтық фигуралардың бірін қиып өткенде екіншісін де қиып өтсе және берілген фигураларда пайда болған қималардың аудандары тең болса, онда берілген фигуралардың көлемдері тең болады.

Топтық жұмыс

1. Конустың жасаушысы а, осьтік қимасының төбесіндегі бұрышы α. Конустың бүйір бетінің ауданын және көлемін табыңдар.


1. Шар центрінен 12 см қашықтықта қима жүргізілген. Қима дөңгелегінің радиусы 5 см. Пайда ботлған шар сегментінің сфералық бөлігінің ауданын табыңдар.
2.Тіктөртбұрыштың қабырғалары 4 см және 5 см. Тіктөртбұрышты оның кіші қабырғасынан айналдырғанда пайда болатын дененің бетінің ауданын табыңдар.





Сабақтың соңы






Саралау

Бағалау

АКТ қолдану;






Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жалпы баға:




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет