Құжаттардың деректемелерінің құрамы. Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде келесі деректемелер қолданылады:
01-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;
02-ұйым нышаны немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі):
03-жоғары тұрған органның ресми атауы;
04-ұйымның ресми атауы;
05-ұйым туралы анықтамалық деректер;
06-құжаттың түрінің атауы;
07-құжаттың күні;
08-құжаттың тіркеу нөмірі;
09-кіріс құжатының тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме;
10-құжаттың құрылған немесе басылып шығарылған жері;
11-құжатқа қол жеткізуді шектеу белгісі;
12-хат алушы;
13-құжатты бекіту белгісі;
14-бұрыштама;
15-мәтіннің тақырыбы;
16-бақылау туралы белгі;
17-құжаттың мәтіні;
18-қосымшасы бары туралы белгі;
19-қойылған қол;
20-құжаттың келісілу белгісі;
21-құжаттың келісілу рұқсатнамасы;
22-мөр;
23-көшірменің куаландырылғаны туралы белгі;
24-орындаушы туралы белгі;
25-құжаттың орындалуы және іске бағытталуы туралы белгі;
26-құжаттың ұйымға келіп түскені туралы белгі;
27-құжаттың электронды көшірмесін сәйкестендіргіш.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары 1-тапсырма. Хат алушы (12 деректемесін) ресімдеңіз:
2-тапсырма. Құжаттың бекіту белгісін (13 деректемесін) ресімдеңіз;
3-тапсырма. Бұрыштама (14 деректемесін) ресімдеңіз.
!!!!! Тапсырмаларды орындауда төмендегі интернет сілтемесін пайдаланыңыз.
Негізгі әдебиет Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Интернет ресурс https://infourok.ru/tairibi-zhattama-zhyesini-aliptasui-4013068.html Деректеме рәсімдеу