І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Топ құрамын ауыстыру үшін сыныпты түрлі түсті дәрумендерді таңдау арқылы топқа бөлу: сыныптағы оқушылар саны - 20, сондықтан 5 оқушыдан төрт топқа бөлемін.
2. Сергіту сәті (бір-біріне тілек білдіру).
3. Өзін – өзі критерийлер бойынша бағалайтындары
жайлы айту.
II. Өткен материалды пысықтау:
1.Тапсырма: «Ойлап тап» берілген әріптерден зат және энергия алмасуға қатысты сөздерді құрап шығу (қазақша, ағылшынша).
2. Алма тұсындағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру (ағылшынша – қазақша).
Жаңа тақырыпқа көшу:
1. Шытырман тапсырмасы топтық.
2. Жаңа терминдермен жұмыс (ағылшынша).
3. Интербелсенді тақта арқылы дәрумендер жайында бейнетаспа көру ағылшын тілінде, сұрақтарға жауап береді.
III. Жаңа сабақты меңгерту:
Топпен жұмыс:
1.Тарихшылар (дәрумендердің шығу тарихы, түрлері).
2. Дәрігер (авитаминоз белгілері, алдын-алу жолдары).
3. Химик (дәрумендердің топтары, химиялық құрамы).
4. Диетолог, косметолог (дәрумендердің сақталуы, ағзаға әсері).
ІV. Бекіту.
Кесте толтыру (дәрумендер мен тағамдардың сәйкестігін анықтау).
V. Өткен сабақ бойынша барлық оқушылар рефлексия қағазын толтырады:
Не білемін? Не білдім?
Не білгім келеді?
VI.Бағалау
1. Сабақты қорытындылау, өзін-өзі бағалау.
2. Әр топ бағалау қағазы бойынша қорытынды шығарады.
|