Сабақтың тақырыбы: Диктант «Сәлемдесу» Сабақтың мақсаты: а Білімділігі



Дата22.08.2017
өлшемі28,1 Kb.
#24613
түріСабақ
Абай Оралхан Жамбылқызы

№1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

С.Шапағатов ауылы

Қазақ тілінен  қысқа мерзімді сабақ жоспары  

5-сынып

                                                             

Сабақтың тақырыбы:  Диктант «Сәлемдесу»

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушылардың лексика тарауына қатысты білімді меңгергендігін тексеру,  естерінде бекіту.

ә) дамытушылығы: теориялық білімдітәжірибе жүзінде қолдана білуге үйрету, сөздік қорларын молайту. Сауаттылығын арттыру.

 

б) тәрбиелігі: Оқушыларды ынта қойып тыңдауға, көркем , таза жазуға және тыныс белгілеріне мұқият болуға дағдыландыру.

 

Сабақтың түрі: бекіту

Сабақтың типі: жазбаша жұмыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы:І  Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу. Көңіл-күйлеріне назар аудару.     

ІІ  Лексика тарауы бойынша өтілгендерді қысқаша еске түсіру.

 

  ІІІ  Диктант жұмысы.

Күнді, айды жаздыру. Диктант тақырыбын жаздырту. Диктант мәтінін оқып беру. Қиын сөздермен таныстыру. Тақтаға жазып көрсету.

Мәтінді қайталап оқып беру.

Диктант

 

Сәлемдесу

 

       Адамдардың  бір-біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем – сөз анасы, сол арқылы сөздің қасиеті де танылады.

     Халқымыз кішінің үлкенге сәлем беруі  үлкенді құрметтеуінің белгісі деп біледі.Сондықтан да амандасу арқылы өз ұрпағын адамгершілікке тәрбиелеген.

      Сәлемдесу ағайын мен туысты, дос-жаранды, іні мен ағаны, бала мен қарт адамды жарастырып қана қоймайды, ата салтын жалғастыру, алысты жақындатудың да кепілі.

     Сәлемдесудің ең басты шарты – жылы лебіз.  Сәлемді қабылдамау, жақтырмай немесе менсінбей қарау – әдепсіздік белгісі. Адамның адами қасиеттері сәлеміне қарап та танылып жатады.Көңіл күйіңіз болмай тұрса да, сәлем берген адамға жылы шырай таныту мәдениеттіліктің нышаны екенін ұмытпа.

                                                                         (90-сөз)

IV Қосымша тапсырмалар:

а) мәтіннен синоним сөздерді теріп жазыңдар;

ә) дос,қарт,алыс сөздерінің антонимдерін жазыңдар.

 

 

Асықпай жаздырту. Мәтінді қайталап оқу. Оқушыларға тексерту.

Тыныс белгілерінің қойылуына назар аударту.

 

Диктантты қайталап оқып, тексерту. Өздеріне оқып, тексеруге уақыт беру. Тыныс белгілерін тексерту.

 

V Үй тапсырмасы.Лексикадан өткенді қайталау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет