Сабақтың тақырыбы: «Дина» Мақсаты: Оқушыларға «Дина» мәтінінің негізгі ойы мен мазмұнын ұғындыру



Дата02.07.2018
өлшемі17,36 Kb.
#45344
түріСабақ
Жамбыл облысының

Байзақ ауданы

Қарасу ауылының

Қарасу орта мектебінің

мұғалімі

Келгенбаева Мадира Амантайқызы

Ана тілі .

Сабақтың тақырыбы: «Дина»

Мақсаты: 1. Оқушыларға «Дина» мәтінінің негізгі ойы мен мазмұнын ұғындыру.


  1. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын байыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ойлау қабілетін, танымдық қасиетін дамыту

  2. Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өнер иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: түсіндіру, ой қозғау негізінде мәтін идеясын ашу, сұрақ жауап, баяндау, іздену әдістерін қолдану


Көрнекіліктер. Күйші Динаның портреті, тақырыптық сөзжұмбақ, үнтаспа, деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. Үнтаспадан күй орындалып тұрады.

Мұғалім:

Ана тілің -арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте- деп, оқушылардың зейінін ана тілі мен халық өнері тақырыбына бейімдеймін.


ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы алдыңғы тапсырманы қорытындылау.

(Деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар таратылады. Әр деңгедің тұсында ұпайлары жазылған.)
ІІІ Жаңа материалды енгізу.


  1. «Қозғау» әдісі. (Әдістің мәнісі- оқушыларды ойлануға жетелеу.)

Күй орындалып жатқанда оқушылар тақтадағы сөзжұмбақты шешеді.

  1. Дауыссыз дыбыс

  2. Іс тігетін зат

  3. Қасиетті тағам

  4. Ай аты.

-Балалар, қандай сөз шықты?

- Дина .

-Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз, қазақтың атақта күйші қызы Дина Нұрпейісова туралы оқу екен.

2) «Түсіндіру» әдісі

Мәтіннің мазмұнымен таныстыру. Күй атасы – Құрманғазы мен Дина жөнінде оқушыларға ой тастап, сұрақ- жауап арқылы болжам жасату. (оқушылар басқа ақпарат көздерінен бұл күйшілерді білулері ықтимал)

Сұрақтар:


  1. Шоқан Уалиханов кім?

  2. Мұса Шорманов кім? (оқушылар бұрын өтілген тақырыптар бойынша жауап береді).

  3. Кріспе бөлімі. «М. Байжанов- атақты Жаяу Мұса, Шоқанның серігі, орысша мен қазақшаға бірдей жорға, домбыра, сырнай , скрипкада ойнайтын өнерпаз» - деп толықтырады. Ал мәтін авторы Сәуірбек Бақбергеновтың Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданыныда туылғанын, «Қарға тамған қан», «Ақ боз атты ару», т.б. повестердің авторы екендігін түсіндіремін.

  4. Оқулықпен жұмыс.

1-деңгей тапсырмалары 3-ұпайдан.

А) Кезектесе оқу

Б) Тауып оқу «Қайран, шешем» күйінің шығу тарихы туралы айтылған тұсты оқушы тауып оқу керек.


  1. Сергіту сәті. «Қайран, шешем» күйін тыңдайды.

  2. 2-деңгей тапсырмалары 4- ұпайдан.

Оқушыларды орталықтарға бөлу: (жұмыстың бұл түріне оқушылар бұрыннан дағдыланған)

    1. Оқу орталығы. А) Мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауаптар дайындау . Ә) Байланыстырып, мәнерлі сөйлеу.

    2. Жазу орталығы. А) Эссе жазу. Ә) Автор орындығына отырып эссені оқып беру

    3. Өнер орталығы. А) Домбыраның суретін салу. Ә) Күй туралы әңгімелеу. («Қайран, шешем»)




  1. Баяндау әдісі. (3- деңгей тапсырмалары 5 ұпайдан.)

Мәтіннен түсінгендерін әңгімелеу (Әңгімелеу- көп вариантты: а) өз сөзі

бойынша ә) мәтінге жақындатып әңгімелеу б) диалог қосып әңгімелеу в) ең маңызды жерлерін қамтып әңгімелеу.



Сөздікпен жұмыс. 1. «Ер жүрек ұл таптым десем, қоян жүрек құл тауыппа едім». 2. «Кімнің алдында жас төгіп, жігерімді құм етіп тұрсың!»- деген анасының сөздеріне түсінік береді.
Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта кім туралы оқып, нені білдік? т.б.



Бағалау. Кестеге әр оқушының ұпайларын түсіремін.
Үйге тапсырма: А) Мәтінді мәнерлеп оқып келу, түсінгендерін әңгімелеу. Ә) Динаға мінедеме жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет