Сабақтың тақырыбы: Е. Брусиловский



бет1/3
Дата18.02.2018
өлшемі1,39 Mb.
#38027
түріСабақ
  1   2   3


Атырау облысы, Атырау қаласы

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің

музыка пәні оқытушысы

Мендыгалиева Гайни Килымовна

І. Сабақтың тақырыбы: Е. Брусиловский «Той думан» шығармасы.

ІІ. Сабақтың мақсат-міндеттері:

а) Білімділігі: Қазақ музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі Е.Брусиловский өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.Опера жанры туралы түсінік беру.

б) Дамытушылығы: Шығарманы орындау арқылы орындау шеберлігін арттыру, пәнге деген ынтасын, қызығушылығын дамыту.

в) Тәрбиелігі: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, эстетикалық тәрбие беру, патриоттыққа, ұлтжандылыққа, отанын сүюге баулу.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, интернет, проектор, слайд, фортепиано.

IV. Пәнаралық байланыс: Саз сауаты, Саз әдебиеті, Би қойылымы. Қазақ әдебиеті.

V. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

VI. Сабақтың жүріс-барысы, жоспары:

1) Ұйымдастыру- студенттің құралдарын дайындығын тексеру. 2м

2) Гамма- жаттығулар: соль мажор гаммасын, арпеджио, нонлегато, стаккато штрихтармен өз мәнінде таза орындауын талап ету. 3м

3) Үй тапсырмасы:15м

а) Вальс Ф.Шопен шығармасын өз мәнінде, штрихтармен таза, дыбыстардың анық шығуын қадағалау, жатқа орындау.

4) Студенттің шығармашылық жұмысы:

Қазақтың халық әні «Бипыл» би қойып, өзі қостау. Ритмді сезінуі, бишілермен бірге ансамбль болуын қадағалау.

5) Жаңа сабақ: Е.Брусиловский «Той думан». 20м

Студент Е.Брусиловский жөнінде презентация дайындап айтады.


Брусиловский Евгений Григорьевич 

Брусиловский Евгений Григорьевич (12.11.1905, РесейДондағы Ростов — 9.5.1981, Мәскеу) — композитор, Қазақстанның халық артисі. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) консерваториясын бітірген (1931). 1933 жылы КСРО Композиторлародағының жолдамасымен Алматыға келді. 1933 — 34 жылдары Қазақ музыкалық драма техникумы жанындағы халық музыкасының ғылыми-зерттеу кабинетінде қызмет етті.

1934 — 38 жылы Қазақ музыка (қазіргі Қазақ опера және балет театры) театрының музыкалық жетекшісі, 1939 — 56 жылы Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы, 1956 — 76 жылдары КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 1944 — 51 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі, 1944 — 70 жылдары Алматы консерваториясының композиция кафедрасының меңгерушісі болды. Брусиловский қазақ музыка өнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ол 9 опера, 2 балет, 9 симфония, “КеңестікҚазақстан” атты кантата, оркестрге, аспаптарға арналған концерттер, 500-ден астам әндер мен романстар, сондай-ақҚазақстан әнұранының музыкасын (М. ТөлебаевЛ. Хамидилермен бірігіп) жазды.

Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “ҚызЖібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды. 1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8- 9-симфонияларын, “ҚозыКөрпеш — Баян сұлу” балетін жазды. Оның шәкірттері Б.БайқадамовА.БычковК.КүмісбековҚ.Қожамияров,Н.МеңдіғалиевҚ.МусинС.МұхамеджановЕ.Рахмадиевтер — Қазақстанның белгілі композиторлары. Орыс және қазақ тілдерінде “Естеліктер” атты кітабы жарық көрді. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948, “Кеңестік Қазақстан” кантатасы үшін), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1967, “Құрманғазы” атты 6-симфониясы үшін) лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған. Алматы қаласында Брусиловский атында көше бар.

Қыз жібек -қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. "Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. "Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.

Е. Г. Брусиловский «Қыз Жібек» жырының негізінде «Қыз Жібек» операсын жазса, оның либреттосын атақты жазушы Ғабит Мүсірепов жазған. Опера алғаш рет 1934 жылы қойылды. Онда еркіндік аңсап, өзінің шынайы махаббаты үшін күрескен Жібек пен Төлеген бейнесі көрсетіледі.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет