Алекешова Жанаргул Бибитовна
Ақтөбе қаласы,
№5 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Ана тілі
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбай.ТАСБАҚАНЫҢ ШӨБІ
Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, тасбақа туралы жалпы білімін кеңейтеді
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
1. Ойлауға үйрету, өз пікірін айтуға үйрету.
2. Өз байқаулары бойынша өзіндік ізденістерге жетелеу арқылы білім беру.
3. Әр түрлі стратегиялар арқылы ашық қарым-қатынасқа үйрету, бала бойындағы қабілеттерді ашу.
4. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін шыңдау.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, топпен жұмыс, 5 жолды өлең стратегиялары
Көрнекіліктер: Автор потреті, тасбақаның суреті, қосымша мәтін (теңіз тасбақасы), ватман, кесте картасы.
Бағалау: Бақылау, салыстыру кестесі.
Барысы: Ұйымдастыру (жаңаша топқа бөлу).
Үй тапсырмасы: Үйге берген К.Сауғабаев “Нан туралы өлең” атты өлеңін мәнерлеп оқу.
Жаңа сабақ: “Тасбақаның шөбі”.
І. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау стратегиясы: Тасбақа жайлы не білесіңдер немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Серіктесіңізбен сол жайлы пікір бөлісіп, талқылап, пікірлесіңіз. Серіктесіңіз не білетінін сұрап, ортаға салыңыз. Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңіз.
Мағынаны ажырату сатысы: INSERT стратегиясы бойынша жұмыс жасау жолын ескерте отырып, мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескертемін.
V – білемін
+ - жаңа білім
— - білмедім, түсініксіз
? – таң қалдым, зерттеймін.
Сыныпта v, – екі белгімен жұмыс жүргізіледі де, +, ? белгісі бойынша үйге кесте толтыру тапсырылады.
Топпен жұмыс: карточкалар таратылады.
І топ. Оқиға қай мезгілде болған? Неге мәтін “Тасбақаның шөбі” деп аталады деп ойлайсыз? Әңгімедегі кейіпкер туралы не айтар едіңіз?
ІІ топ. Сурет бойынша әңгімелеп бер... Өзің тасбақаны көрдің бе? Егер көрсең қайда көрдің?
ІІІ топ. Өткен сабақтардан т.б. қосымша әдебиеттерден көрген-білгенің бойынша, мысалы, теңіз тасбақасы мен мәтіндегі тасбақаны салыстырып көр, айырмашылығын атап бер…
ІҮ топ. Әңгімеден халықтың қандай ырымдарын байқадың? Мәтінге басқаша қалай ат қояр едің? Өзің қандай жан-жануар, аң-құстарды білесің? Оларға байланысты қандай ырымдарды білесің?
Ү топ. Тасбақа жөнінде қандай ырымдарды былесің? Өз білетініңді әңгімелеп көр. Ол қандай шөптермен т.б. заттармен қоректенеді екен?
Ой толғаныс сатысы: Әр топ басшысы және т.б. оқушылармен тек сұрақтар бойынша талдау жүргізіледі. Енді тасбақа туралы 5 жылды өлең жазамыз. Оқушылар өздерінің авторлық дәптерлеріне өз өлеңдерін жазады.
1. Не? – Тасбақа.
2. Қандай? – Үлкен, қоңыр, шегір көзді.
3. Не істейді? – Тарбаңдайды, бұғады, тұқшаңдайды.
4. Жусандағы тасбақа.
5. Ол – бақыт арқалаған тасбақа т.б. өлеңдерін жазады.
1. Шағын топтарда жазған өлеңдерін талдау, әр топтан ортаға бір оқушыға сөз беремін.
2. Жалпы қорытынды ойды тақтаға ватманға жазамын.
Сабақты қорыту: Тасбақа жайлы не білгендері туралы т.б. әр оқушыдан жеке сұрап өтемін.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: “Еркін жазу” стратегиясы бойынша әңгіме жазу тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |