Сабақтың тақырыбы: Еңбекке төленетін ақы



бет4/26
Дата22.12.2022
өлшемі395,01 Kb.
#163903
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
0003ed55-da4d61c4


Әлкей Марғұлан

(1907 - 1985)
…Әлкей Марғұлан Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдың шөбересі. Оның әкесі Хакан мен анасы Нұрилә өз уақытының көзі ашық адамдары болған.
Әлкей ауыл мектебінде, одан кейін үш жылдық орыс мектебінде оқыған. 1919 жылы мұғалімдер курсына оқуға түскен ол бір жыл оқып, туған ауылында мұғалім болып жұмыс істей бастайды. 1920 жылы танымал фольклоршы Ә. Диваев қазақ кеңес фольклорын зерттеу мақсатында Жетісуға және Сырдария өзеніне ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Сол экспедицияның құрамында Әлкей де болады.
1921 жылы Семей педагогикалық техникумына оқуға түседі. Кейін үш жоғарғы оқу орнында, атап айтқанда, Шығыстану институтында, Материалдық мәдениет институтында (кейіннен Археология институты деп аталған) және Өнертану институтында қатар оқыған.
Еліміздің аса көрнекті ғалымы және КСРО География қоғамының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Әлкей Хақанұлы Марғұлан - Қазақстан ғылымының тарих, әдебиет, өнер, археология, этнография, география, сәулет өнері салаларында қажырлылықпен еңбек етіп, өзіндік із қалдырған үлкен ғалым.

Шапық Шокин
(1912 - 2003)
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі Шапық Шөкіұлы Шокин 1912 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты С. Торайғыров атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Болашақ Халық қаһарманы, академиктің балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. 1918 жылы 6 жасында әкесі Шөкіден айырылады. 1920 жылы ағасы Риза Шапықты бастауыш мектебіне оқуға береді. Шапық кейін жастар мектебін, содан соң педагогикалық техникумын бітіреді. 1930 жылы Ташкентте Орта Азия Мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне қабылданады. Университетті 1937 жылы бітіріп, еңбек жолын Алматыдан бастайды. 1943 жылы Ш. Шокин Ғылым Академиясының энергетика секторына басшылық қызметке тағайындалады. Оның негізгі зерттеген тақырыбы энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отандық энергетиканың баланс мәселелері.
Ш. Шокин 450 - ге жуық ғылыми еңбек жазған. Ғалым Мемлекеттік сыйлықтың иегері; көптеген медальдар және ордендермен марапатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет