Боранқұл орта мектебі
Көрнекі сабақ
Тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай»
Пән мұғалімі: Байсариева Г.Е
Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер
Ә. Тәжібаев «Толағай».
Мақсаты: Ә. Тәжібаев шығармалары жөнінде түсінік көру. Толағай ертегісінің мазмұнымен таныстыру. Ертегідегі кейіпкерлер туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру. Шығармашылыққа баулу, өз ойын жүйелі айту қабілеттерін дамыту. Ерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, карта, сөз жұмбақ.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақтар беру көлемінде қорытындылу.
III. Жаңа сабақ.
1) Өткен материалды қайталау.
- Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
- Халық ауыз әдебиеті түрлері.
- Ертегілер нешеге бөлінеді?
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда Ә. Тәжібаев «Толағай» атты әдеби ертегісімен танысамыз.
а) әдеби ертегіге түсінік беру.
ә) Ақын өмірі мен шығармаларымен таныстыру.
Білем сені, сүйем сені,
Сыр сұлуы қарт анам.
Сенсің мені әлдилеген,
Туған сенен-мен балаң.
Сүйсе Гейне анам десе,
Сүйген суы Рейнесін.
Сырдың суы туған олда
Өз ақынын-Гейнесін
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді – деп ақын өзі жырлағандай «Сыр елі-жыр елі» атанған Қызылорда 1909 ж өлкесінде дүниеге келген. /картадан көрсету./
Әкеден ерте айырылған ақын анасы Айманкүлдің және нағашы атасы мен әжесінің тәрбиесінде болады. Ақын шығармашылығын дамытуға анасы Айманкүлдің ықпалы болуы керек. Анасы Айманкүл Нартай ақынмен айтысқан адам. Ақын шығармаларын үш айқын салаға бөлуге болады.
Ә. Тәжібаев шығармалары
өлең поэма пьеса
Алатау Париж Аққу Абыл Жомарттың кілемі
елден сәлем Мерген Толағай көтерілген күмбез
сырдария
Толағай ертегісін оқу .
- Бөлімдерге бөліп ат қою.
- Жоспар құру.
Мынадай үлгіде: I. Ата-ана қуанышы
- Толағайдың өмірге келуі.
- Өсіп-өну кезеңі.
II. Аңшылықта.
Саржанның жолбарыспен айқасы.
Толағай ертегі.
III. Ел қамқоры- Толағай.
1. Ел басындағы күйзеліс.
2. Толағайдың анасымен әңгімесі.
3. Су іздеуі. Ел үшін жан пида.
Сұрақтар беру.
- Толағайдың өсу кезеңін қалай түсінесің?
- Ертегіде Толғайдың батыр бейнесі қалай суреттелген?
- Толағайдың елден ерекшелігін қалай байқаймыз?
- Толағай ел үшін қандай ерлік жасады?
- Толағайды неліктен ел мақтанышы деп атаймыз?
2. Шығармашылық тапсырма:
«Егер мен Толағай болсам»
- Сіздердің ойларыңызша қазіргі кездің Толағайлары кімдер?
3. Тау көтерген Толағайды бейнелеу.
4. Сөзжұмбақ шештіру.
1. Ертегі авторы.
2. Саржанмен айтысқан ақын.
3. Толағай атындағы тау.
4. Кәсіптері.
5. Толағай су іздеген тау.
6. Әкесінің аты.
7. Анасының аты.
IV. Қорытынды. Мерген Батыр ел қамқоры
Т о л а ғ а й к і м?
Мейірімді адал алып күш иесі.
V. Бағалау.
VI. Үйге: «Ер елі үшін туады» шығарма, кейіпкерге мінездеме.
Достарыңызбен бөлісу: |