Ұлттық академиялық кітапханада 2014 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Талқылау барысында оқырмандардың ең көп дауысын жинаған Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты көркем туындылары дауысқа салынды. Жабық дауыс беру нәтижесінде Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары ең көп дауыс жинап, жыл кітабы болып таңдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |